1. Тақырыбы: «Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау
2.Мақсаты: гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.
3 . Оқыту міндеттері:.
Когнитив ті компетенци я
1. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін білу.
2. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін және оларды дер кезінде түзету шараларын білу.
3. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында эндокриндік жүйе қызметіне әсер ететін заттарды таңдай білу бойынша білімді қалыптастыру.
4. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.
2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.
Коммуникативті компетенция:
1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.
Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):
1.Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.
2.СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)
Хронометраж
Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
· Ұйымдастыру бөлімі – 5 мин.
· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.
· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.
· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.
· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.
· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.
4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.
5 . Бөлім бойынша тапсырмалар:
1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері. Гормондық терапияның принциптері.
2. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.
3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар. Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары, алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.
4. Гипертиреоз синдромында қолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.