Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
Тест №1. Амин қышқылдарының туындыларына жататын гормондар:
1. эпифиз гормоны 2. гипоталамус және гипофиз гормондары 3. қалқанша маңы безі гормоны
4. қалқанша безінің тиреоидты гормондары 5. бүйрекүсті безінің гормондары
Тест №2. Тиреоидты гормондардың синтезін реттейтін гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормоны:
1. тиреотропты гормон 2. инсулин 3. мерказолил 4. тироксин 5. соматотропты гормон
Тест №3. Қалқанша безінің гипофункциясында қолданылады:
1. трийодтиронин гидрохлориді 2. калий перхлораты 3. мерказолил 4. йод препараттары
5. L - тироксин
Тест №4. Заттардың тобын анықтау: тіндердің дифференцациясына, сүйектердің энхондралді өсуіне, сурфактант синтезіне, қаңқаның қалыптасуына және жүйке тінінің дамуына ықпал етеді. Негізгі алмасуды және тіндердің реактивтілігін олардың катехоламиндерге реакциясын жоғарылата отырып арттырады, тіндік тыныс алуға, терморегуляцияға қатысады.
1. гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары 2. қалқанша безінің құрамында йод бар гормондары 3.антитиреоидты заттар 4. кальцитонин 5.гипогликемияда қолданылатын заттар
Тест №5 . Мерказолилдің әсер ету механизмі:
1. аденилатциклазаны белсендіреді, жасуша ішінде цАМФ мөлшерін арттырады
2. цАМФ-те интрацеллюлярлы үдерістерге қатысатын протеинкиназаларды ынталандырады
3. жасуша мембранасының басқа эндогенді заттарға өткізгіштігін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша ішіне енуіне ықпал етеді) 4. қалқанша безінде тиреоидты гормондардың синтезін тікелей тежейді 5. цитоплазмалық рецепторлармен өзара әсерлесіп, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді
Тест №6. Трийодтиронин гидрохлоридіне тән:
1. тиреоидты гормонның синтетикалық аналогы 2. тироксиннен айрмашылығы – әсері тез басталады және әсер ету ұзақтығы қысқа 3.тироксинге қарағанда зат алмасу үдерісіне 3-5 есе күшті әсер етеді 4. орын басушы ем үшін тиімді 5.негізінен ТТГ босап шығуын қысқа уақыт тежеу үшін, сондай ақ, Т3 гормонын супрессиялау үшін диагностикалық мақсатта қолданылады
Тест №7. Қалқанша безінің тиреоидты гормондарына және олардың препараттарына жатады:
1. тироксин 2. тиреокомб 3. трийодтиронин гидрохлориді 4. мерказолил 5. тиреотом
Тест №8. Мерказолилдің жанама әсерлеріне жатады:
1. лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия 2.зобогенді әсер 3. йодизм симптомдары
4. холестаздық сарғыштану, гепатит, нефрит 5. уртикарлы бөртпе, васкулит, артралгия
Тест №9. Қалқанша безінің гипофункциясында қолданылады:
1. трийодтиронин гидрохлориді 2.тиреокомб 3. L-тироксин 4. мерказолил 5. тиреотом
Тест №10. Препаратты анықтау. Тирозиннің йодталуын және әрі қарай монойодтирозиннің конденсациялануын бұзу арқылы тиреоидты гормондардың синтезін тежейді. Жанама әсерлері: лейко-, тромбоцитопения, теріде бөртпелер, құсу, лоқсу, бауыр қызметінің бұзылуы.
1.тироксин 2. калий перхлораты 3. мерказолил 4. трийодтиронин гидрохлориді 5.преднизолон 6.тиреокомб 7.актрапид
№2 сабақ