«Эндокриндік жүйе» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқау

№1 сабақ

1.Тақырыбы: Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттар. Балалардағы қолдану ерешеліктері

2.Мақсаты. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері бойынша білім қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасын әсер ету механизмі және негізгі фармакологимялық әсерлері бойынша білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері бойынша білімді қалыптастыру.

3. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетулерін анықтау, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу бойынша білімді қалыптастыру.

4. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын заттардың дәрілік қалыптарын, олардың енгізу жолдарын таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5 .Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалқанша безі гормондарының зат алмасуға әсері.

2. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.

3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар. Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары, алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

4. Гипертиреоз синдромында қолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

Бағдарлама бойынша препараттар: L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, калий йодиді

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша :

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии \ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

8.Бақылау