Рецепт жазуға арналған препараттар: актрапид, глибенкламид, метформин, глюкоза.

6 . Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша :

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

7 . Бақылау.

Когнитивті компетенция (білім) бағаланады.

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Тесттік тапсырмаларды орындау.

Өзіндік бақылауға арналға тесттік тапсырмалар

Тест №1. Дәрілік заттардың тобын анықтау. Нысана-тіндердің (бұлшық ет, май тіні, бауыр) инсулинге сезімталдығын жоғарылатады, май жасушаларында липидтердің синтезін төмендетеді. II типті диабетте пероралді қолданылады, тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдайды

1. сульфонилмочевина туындылары 2. бигуанидтер 3. орын басушы ем үшін қолданылатын заттар 4. тиазолидиндион туындылары 5. альфа-гликозидазаның тежегіштері

Тест №2. Сәйкестендіру: А – инсулиннің қысқа уақыт әсер ететін препараттары, Б - инсулиннің орташа ұзақтықта әсер ететін препараттары, В- инсулиннің ұзақ уақыт әсер ететін препараттары:

1. ультратард ЧИ 2. хумулин-регуляр ЧИ 3. протафан СИ 4.хумалог ЧИ 5. инсулин семиленте СИ

1. А-2, 4 Б- 3,5 В- 1 2. А- 3,5 Б-4 В- 1,2 3. А- 1,5 Б- 2,3 В-4

Тест №3. Қант диабетінде инсулинді қолданғанда дамитын әсерлерге жатады:

1. қанда глюкозаның концентрациясының төмендеуі 2 .гликогеннің тіндерде жиналуы 3.глюкозурия, полидипсия 4. зәрде азотты қосылыстардың концентрациясының төмендеуі 5. май қышқылдарының синтезінің жоғарылауы

Тест №4. Аш ішекте көмірсулардың сіңірілуіне кедергі жасайтын препарат:

1. метформин 2. инсулин 3. глюкагон 4. акарбоза 5. гликлазид 6.актрапид 7.розиглитазон 8.натеглинид

Тест№5. Актрапидтің негізгі қасиеттеріне жатады:

1. гипогликемиялық әсері 15-30 минуттан соң дамиды 2. максималді әсері 1-4 сағаттан соң байқалады 3. әсер ету ұзақтығы 4-8 сағат 4. тері астына, бұлшықетке, көктамырға енгізуге болады 5. тек тері астына енгізіледі

Тест №6. Препаратты анықтау. Пероралді қолданылатын синтетикалық гипогликемиялық зат. Қан сарысуында қанттың деңгейін төмендетеді, липогенезді тежейді, анорексигенді әсері болғандықтан дене салмағын төмендетеді, қант диабеті мен семіздік қосарланған науқастарға тағайындалады. Гипогликемиялық әсерінің механизмі бауырда глюконеогенездің және глюкозаның тіндерге түсуінің тежелуіне байланысты.

1.Метформин 2.Глибенкламид 3.Акарбоза 4. Гликлазид 5. Актрапид

Тест №7. Гормондық препараттардың әсер ету механизмдері:

1. аденилатциклазаны белсендіреді, жасуша ішінде цАМФ мөлшерін арттырады

2. цАМФ-те интрацеллюлярлы үдерістерге қатысатын протеинкиназаларды ынталандырады 3. жасуша мембранасының басқа эндогенді заттарға өткізгіштігін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша арқылы енуі) 4. цитоплазмалық рецепторлармен өзара әсерлесіп, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді 5. кальций ионының жасуша ішіне енуін тежейді

Тест№8. Инсулин препараттарына жатады:

1.актрапид НМ 2.хумулин - регуляр ЧИ 3. протафанЧИ 4. глимепирид 5.ультратард ЧИ

6. глибенкламид 7.акарбоза

Тест №9. Глюкагонға тән:

1. ұйқы безінің альфа-жасушаларымен өндіріледі. 2. қант диабетін емдеу үшін қолданылады 3. көмірсу алмасуына әсер етеді, гипергликемия тудырады 4. бауырда гликогенолиз, гликонеогенезді ынталандырады 5. оң инотропты әсер көрсетеді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді 6.микседеманы емдеу үшін қолданылады

Тест№10. Заттардың тобын анықтау. Зат алмасуына айқын және жан-жақты әсер көрсетеді: көмірсу алмасуына – глюконеогенезді жоғарылатады, гипергликемия, глюкозурия тудырады; белок алмасуына – теріс азоттық балансты дамытады, регенерациялық үдерістерді баяулатады, жасушалық пролиферация тежеледі, балаларда тіндердің қалыптасуы бұзылады, өсуі баяулайды; май алмасуына – майдың қайта таралуы жүреді; су-тұз алмасуына – натрий ионы мен суды ұстап қалады, калий ионының секрециясын арттырады, кальций ионының сүйектен шығуына ықпал етеді және оның бүйрек арқылы экскрециялануын күшейтеді, остеопороз дамуы мүмкін.

1. қант диабетінде орын басушы ем үшін қолданылатын заттар 2. синтетикалық гипогликемиялық заттар 3. глюкокортикоидтар 4. глюкагон 5. минералокортикоидтар