«Жүйке жүйесі» модулі бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 сабақ
1.Тақырыбы. «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
2.Мақсаты: Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы, сәйкес патологиялық үдерістерді түзетуге бағытталған препараттарды таңдаудың негізгі принциптері туралы білімді жалпыландыру, сондай-ақ студенттердің «Жүйке жүйесі» модулі бойынша материалды игеруі барысында қалыптасқан компетенцияларды бағалау
3.Оқытудың міндеттері:
Когнитивті компетенция:
1. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың ФК және ФД заңдылықтарын білу
2. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттарды таңдау және қолдану мүмкіндіктерін білу
3. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсетулері мен қарсы көрсетулерін, жағымсыз жанама әсерлерін білу
4.Дәрілік қалыптарды жазу ережелерін білу.
Операционал ды компетенция
1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.
2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру
Коммуникативті компетенция:
1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;
2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу
3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.
4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.
5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу
Үздіксіз оқыту және білім беру компетенция сы:
1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)
2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).
Хронометраж.