«Жүйке жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы: «Жедел және созылмалы ми қанайналымы бұзылысында қолданылатын заттар»

2. Мақсаты: Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған ми қан айналымы бұзылыcы кезінде қолданатын препараттар тобының фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктеріне арналған білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері

Когнитивті компетенция

1. Ми қан айналымы бұзылысы кезінде қолданатын дәрілік препараттардың жалпы сипттамасына арналған білімдерін меңгеру, әсер ету механизмін, заттардың негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін түсіну

2. Емнің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әр түрлі мүшелерінің және жүйелерінің қызметін бағытап өзгерту үшін дәрілік заттарды таңдауға үйрену.

3. Әр түрлі патологиялық жағдайлар және аурулар кезінде дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Қолдануға қарсы көрсетулерді анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену.

Операционал ды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж