4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕДИА». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

6. Пичхадзе Г.М., Кадырова Д.М., Ананьева Л.В. Гепатопротекторы: учебное пособие. – Алматы. 2011 г. – 33 с.

 

Ағылшын тілінде :

1. Katzung B.G. Basic and Clinical Pharmacology.- New-York, 2009, 1215р.

 

2.10. Оқыту және сабақ беру әдістері: практикалық сабақтарды, СОӨЖ, СӨЖ өткізу түрлері.

· Практикалық сабақтарды жүргізу: тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, шағын топтарда жұмыс істеу, жағдайды моделдеу, дискуссия, семинар, кестелерді, суреттерді, сызбаларды талдау, қорытынды шығару, мультимедия элементтерімен интерактивті оқыту бағдарламаларын қолдану, талдауымен рецепттер жазу, препараттардың бір реттік және тәуліктік мөлшерін анықтау.

· СОӨЖ ұйымдастырудың түрлері:

Барлық қойылған сұрақтар бойынша кеңес беру, жоспарда берілген тақырыпты өз бетінше игеру, жағдайлық есептерді шешу, кестелер, оқулықтармен жұмыс жасау, бір реттік мөлшерді анықтаумен, талдауымен рецепттер жазу, рецепттерге талдау жүргізу, оқытудың интерактивті түрлерін қолдану: интерактивті оқыту бағдарламалары, кроссвордтар, сканвордтар және т.б., электронды тасымалдауыштардағы материалдармен жұмыс жасау, кіші топтарда жұмыс жасау.

· СӨЖ ұйымдастыру түрлері:

Студенттердің өзіндік оқуға қарастырылған сұрақтары бойынша оқу және қосымша әдебиеттермен, электронды тасымалдауыштардағы ақпаратпен жұмыс жүргізу; тест түрінде тапсырмалар құрастыру, жеке тақырыптар бойынша дәрілік затттар жиынтығын көрсетуімен конспект жазу, тақырыптар бойынша электронды тасымалдауыштардағы ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау, студенттік рефераттарды ауыспалы түрде өзара рецензиялау, презентациялар, кесте-сызбалар, стендтер, көрнекі материалдар дайындау.

2.11. Студенттердің білімін және дағдыларын бағалау әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды жазбаша орындау, жағдайлық есептерді шешу, коммуникативті дағдыларды бақылау, рефераттар, презентациялар, эссе құрастыру.

2.11.1. Ағымдағы бақылау: практикалық сабақтар уақытында және СӨЖ тапсырмаларын орындауы барысында жүргізіледі.

Практикалық сабақтар

Орындалу критериилері: практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысып жүру, сабақтың тақырыбы бойынша дайындалу, тест тапсырмаларын және жағдайлық есептерді шешу, тақырыптың негізгі сұрақтарын білу, практикалық сабақтың тақырыптары бойынша талдауымен рецепттерді даярлау (фармакологиялық тобын, әсер ету механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетілуін және жанама әсерлерін көрсету).

Бағалау әдістері: ауызша (жазбаша) сұрау, тест түрінде тапсырмалар орындау, жағдайлық есептерді шешу, талдауымен рецепт жазу (препараттардың фармакологиялық тобын, әсер ету механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулер мен жанама әсерлерін көрсету), инъекциялық дәрілік қалыптағы препараттардың бір реттік және тәуліктік дозаларын есептеу, практикалық сабақтарға нұсқаулық бойынша орындалған тапсырмаларға қорытынды жасау

СОӨЖ

Орындау критериилері: СОӨЖ бойынша сабақтарға қатысу, тақырыптың сұрақтары бойынша өз бетінше дайындалу, СОӨЖ тақырыптары бойынша талдауымен рецепттерді дайындау, анықталмаған сұрақтар бойынша кеңес берулер, пікірталастар, шағын таоптарда жұмыс жасау түрінде жүргізіледі, жағдайлық есептердің шешімдерін тексеру, кроссвордтар, сканвордтар дайындау, оқу және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдауыштарымен жұмыс жасау, аралық бақылаудың сұрақтары бойынша дайындалу.

Бағалау әдістері: аралық бақылау уақытында бағаланады: білімі – ауызша сұрау және тест түрінде тапсырма орындау нәтижелері бойынша; практикалық дағдылар - талдауымен рецепт жазу және инъекциялық дәрілік қалыптағы препараттардың бір реттік және тәуліктік дозаларын есептеу нәтижелері бойынша; коммуникативті дағдылар – ауызша сұрау барысында (жүйке, эндокринді, қан түзу, ас қорыту, несепжыныс, тірек-қимыл жүйелері модульдері бойынша аралық бақылау кезінде) студенттің коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағаланады; құқықтық компетенция құқықтық сұрақтар бойынша жзбаша тест алу түрінде жүргізіледі (жүрек-қан тамыр, тыныс жүйелері модульдері бойынша аралық бақылаулар кезінде).

 

СӨЖ

Орындау критериилері: тақырыптар бойынша рефераттар, баяндамалар, эссе, рецензиялар дайындау, презентацияларды, кесте-сызбаларды, стендтерді таныстыру. Оқулықтар бойынша СӨЖ материалдарын оқып-білу. Соңғы жылдардың әдебиеттері көздерін танып білу. Ақпараттарды өңдеу, жүйелеу және талдау. СӨЖ берілген тақырып оқытылатын фармакологияның бөліміне сәйкес келетін аптадан аспайтын уақытқа дейін тапсырылып, қорғалады.

Бағалау әдістері: СӨЖ барлық талаптарға сәйкес келуі.

2.11.2. Аралық бақылау: СОӨЖ барысында жүргізіледі, когнитивті, операционалды, құқықтық, коммуникативтік компетенциялар бағаланады.