«Фармакологии 2» пәнінен Far-2 3214

СИЛЛАБУС

«Фармакологии 2» пәнінен Far-2 3214

051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Фармакология модулі

Курс үшінші Бесінші, алтыншы семестр

Практикалық сабақтар 30 сағат

Студенттің оқытушы жетекшілігімен

өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 30 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 30 сағат

Барлығы 90 сағат (2 кредит)

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2015

Силлабус 2012 жылдың ҚР МЖМБС негізінде 051301 –«Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына және 2012 жылдың 23 тамыз айындағы №1080 ҚР Үкімет қаулысына сәйкес м.ғ.к. Г.Б. Айтжанова, аға оқыт Есетова Қ.Ө. қатысуымен құрастырылды (ҚазҰМУ Ғылым Кеңесінің мәжілісінде бекітілген, №8 хаттама, 27.03.2012 ж.). Силлабус фармакология модулінің отырысында қарастырылды және мақұлданды.

 

Хаттама № «____», «____» _____2014 ж.

 

Фармакология модулі жетекшісі, м.ғ.к. Г.Б.Айтжанова

 

1. Жалпы мәліметтер:

1.1. ЖОО атауы:С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Модуль: фармакология

1.3. Пән:«Фармакология 2», Far-2 3214

1.4. Мамандық :051301 «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағаттарының (кредит тер) саны – 90 сағат, 2 кредит

1.6. Оқытылатын курс және семестр - 3 курс, 5, 6 семестр

1.7 Оқытушылар жайлы мәліметтер :

 

Аты -жөні   Қызметі Ғылыми дәрежесі Қызығушылық тудыратын ғылыми саласы , жетістіктері
1 2 3 4 5
1 Айтжанова Гулзира Байдиллаевна. Модуль жетекшісі, доцент м.ғ.к. Фитопрепараттарды қолдану ерекшеліктері
2 Изатова Айгуль Есенгельдиновна Доцент м.ғ.д. Кардиологияда қолданылатын препараттардың ерекшеліктері
3 Есетова Қамажай Өтениязовна Аға оқытушы м.ғ.к. Аритмияға қарсы заттар
4 Кантуреева Гульзахира Тасыбаевна Оқытушы - Гастроэнтерологияда қолданылатын препараттардың ерекшеліктері
5 Мамашева Гульмира Мухтаровна Оқытушы - Полипрагмазия

1.8 Байланыс ақпараттары:

Алматы қ, Ақан Сері көшесі 34, 1 қабат (интеграциялап оқыту орталығы)

Жұмыс. тел. 8(3272) 35-18-20

1.9 Пән саясаты:

- сабаққа кешікпей келу;

- студенттер сабаққа және дәрістерге тек ақ халатпен жіберіледі;

- сабақты себепсіз жіберуге болмайды;

- жіберілген сабақтарды өтеу кестесіне сәйкес қайта өтеу;

- оқу үрдісіне белсенді қатынасу;

- дозасын білуге және талдауға арналған препараттарды рецепте жаза білу;

- СӨЖ талаптарға сәйкес және белгіленген уақыттан қалдырмай өткізу; СӨЖ бойынша 2 тақырыпты міндетті түрде тапсыру керек;

- аралық бақылауды толығымен тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

- белгілі себеппен сабақты босатқан студенттерге деканаттың жарлығы бойынша сабақты өтеуге рұқсат етіледі;

- практикалық сабақ, аралық бақылау, емтихан барысында ұялы телефонды, шпаргалка және т.б. құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Фармакология науқас адамның организміне дәрілік заттардың тигізетін әсерін зерттейді. Фармакологияның басты міндеттеріне неғұрлым тиімді дәрілік қалыптар мен оларды қабылдау тәртібін анықтау, дәрілік затты енгізу жолын анықтау, дәрілік заттың әсерін бақылау, дәрілік заттың жанама әсерінің алдын алу және жою, жаңа фармакологиялық заттарды сынақтан өткізу, дәрілік препараттарды неғұрлым тиімді және қауіпті қолдану әдістерін жасап шығару, ескі препараттарды клиникалық зерттеу және қайта бағалау, медициналық қызметкерді ақпараттық қамтамасыздандыру және кеңес берулер жатады.

Оған қоса, фармакология түрлі жағдайларда дәрілік заттардың жанама әсерлерін, әсер ету ерекшеліктерін (егде жас, жүктілік және т.б.), оларды жұптастырып қолданғанда өзара әсерлесуін, дәрілік заттардың фармакокинетикасына тағамның әсерін зерттейді. Көрсетілген сұрақтар бойынша заманауи мәліметтер дәрілік заттарды таңдаудың және оларды әр науқас үшін жеке дозалау тәртібінінің неғұрлым тиімді және қауіпсіз ретін құрастыруға көмектеседі.

Фармакологияның ілгерілеуі клиникалық пәндердің дамуына ықпал етуде. Соңғы жылдар фармакологияның шапшаң дамуымен, дәрілік заттардың жаңа топтарының пайда болуымен есте қалды, соның нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің әмбебап әдісі болып қалыптасты. Сонымен, фармакология медициналық білім беру жүйесінде маңызды орын алады, сондықтан әр дәрігер мамандығына байланыссыз фармакологияның басты бағыттарын жақсы білуі қажет.

 

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды рационалды таңдау үшін дәрілік заттар фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімін қалыптастыру.

 

2.3 Пәннің міндеттері:

 

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент келесі компетенцияларды игеруі қажет:

Когнитив ті компетенция:

1. Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған дәрілік препараттар тобының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмдері мен негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру;

2. Қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу туралы білімді қалыптастыру.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Түрлі патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

 

 

Операционалды компетенция:

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

3. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін тани білу, оның алдын алу және болдырмау.

4. Шұғыл көмек көрсету үшін дәрілік заттарды таңдай білу.

5. Жаңа дәрілік заттар жайында хабардар болу және олардың кең таралған синонимдерін білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакологияның мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы рецептте жазу, босату, сақтауды реттеуші ҚР негізгі заңнамалық актілері.

 

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

 

2.5. Пререквизиттер: гистология, қалыпты физиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия.

2.6. Постреквизиттер: ішкі аурулар пропропедевтикасы