3. Гиперэндемиялық – көкбауырлық индекс 50%-тен жоғары болады.

4. Голоэндемиялық – көкбауырлық индекс 70%-тен жоғары.

Соңғы 2 ошақта жұғу қауіпі өте жоғары, әсіресе тропикалық елдердеі: Африка, оңтүстік-шығыс Азияда.

Аурудың басқа берілу жолдары:

- парентеральды (шизонтты инфекция) - қанында ұзақ паразиттасымалдаушылығы субмикроскопиялық деңгейдегі безгек реконвалесцентінен қан құйғанда жұғады. 4 күндік безгектің реконвалесцентінің паразит тасымалдаушылығы 10 жылға дейін жетеді. Консервіленген қандағы паразиттің бірнеше күнге дейін тіршілігін сақтайтынын ескеру керек. Нашақорлардың піспектері және инелерімен де берілуі мүмкін.

- эпидошақта зақымдалған плацента арқылы немесе босану кезіндегі жұғу қаупі де қарастырылады.

Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Безгек – циклмен жүретін инвазия. Барлық патофизиологиялық өзгерістер эритроцитарлық шизогония фазасына және аурудың клиникалық көріністері «пирогенді табалдырық» деп аталатын паразитемияның белгілі бір деңгейіне байланысты болады (Ross K.1902).

«Суық паразиттасымалдаушы» клиникалық көрінісі жоқ безгекпен ауырып тұрған адамдарға қарағанда иммунды емес адамдардың қандағы эритроцитарлық шизогония фазасының бастапқы кезеңінде паразиттерді табу деңгейінен төмен сублатентті деңгейде болады, яғни 100 көру аймағын қарағанда 1 мкл-да 5 паразиттерден кем болады.

Безгекке иммунитеті жоқ адамдардың пирогенді табалдырығы төмен (1 мкл қанда бірнеше ондықтан жүздікке дейін), ал ауырған адамдардың пирогенді табалдырығы жоғары - олардың қанында қоздырғыш көп мөлшерде кездеседі. Осыны «суық паразиттасымалдаушы» деп атайды. Эритроцитарлы шизогония басында паразиттер қанда сублатентті деңгейде кездеседі, (анықталу табалдырығынан төмен, яғни 100 қарау аймағында қарағанда 5 паразиттен аз көрінеді, сондықтан қанда анықтай алмаймыз).

Қызбалық пароксизмалар патогенезінде экзогенді (қоздырғыштар) және эндогенді (эритроциттер қалдықтары) тектегі пирогендер роль атқарады, олар терморегуляторлы орталықты тітіркендіреді. Қызбаның туындауына гистамин, серотонин, кинин сияқты биологиялық белсенді заттардың әсерін күшейтетін, қанға паразитарлық және эритроцитарлық белоктардың қайталап түсуінің маңызы зор. Осындай біріккен факторлардың әсерінен қан тамырларының кеңейіп, температураның жоғарлауымен және тер бөлінуді, қалтырауды, тамырларының кеңеюімен шақыратын гемодинамикалық және вегетативті бұзылыстарға әкеледі.

Тропикалық безгек патофизиологиясының өзгерістері ішкі мүшелердің капиллярларының эндотелийіне зақымданған эритроциттердің цитоадгезиясының әсерінен олардың беткей физико–химиялық ерекшеліктері өзгеріп микроциркуляцияның бұзылыстарына және «паразитарлық тромбтың» түзілуімен байланысты болады. Гемостаз бас миының, бауырдың, бүйректің, өкпенің, ішектің ауыр дистрофиясы және ТШҚҰ-синдромдарының дамуына әкеледі.

Осындай өзгерістер иммунды емес адамдарда жоғары паразитемияның болуымен және инфекциялық – токсикалық шок, бүйректің жедел жетіспеушілігі, безгектік кома сияқты ауыр асқынуларымен жүреді (№18 кесте).

Макофаг жүйесінің белсеңділігінің жоғарлауы мидың қан айналуын тежеп, лейкопения мен тромбоцитопенияға әкелетін анемияның себебі болып табылатын гиперспленизмді тудыратын сплено – гепатомегалияның дамуына әкеледі.

Клиникалық көріністері.

Ауру 4 топқа бөлінеді:

1. үшкүндік безгек – malaria tertiana (P.vivax),

2. овале – безгек – ovale – malaria (P.ovale),

3. төрткүндік безгек – malaria guartana (P.malaria),

4. тропикалық безгек – malaria tropica (P.falciparum).

Интоксикациялық көріністерінің, қызбаның, мүшелердің зақымдану және паразитемияның деңгейлері байланысты ауыр, орташа ауыр, жеңіл түрлерін ажыратады. Тропикалық безгекке ауыр ағым тән.

Безгек – циклдік ауру. Безгектің барлық түрлерінде инкубациялық кезең преэритроцитарлық (тіндік) шизогонияға қарағанда ұзағырақ болады.

Жасырын кезеңнің ұзақтығы:

• тропикалық безгекте – 8-16 күн,

• қысқа жасырын кезеңімен өтетін үшкүндік безгекте – 10-20 күн, ұзақ жасырын кезеңімен өтетін үшкүндік безгекте – 8-14 ай,

• ovale – безгек – 11-16 күн, ұзақ жасырын кезеңі – 8 -14 ай

• төрткүндік безгек – 21-42 күн.

Ауру жедел басталады: қысқа мерзім ішінде температура 41°С дейін жетеді, бас ауру, жүрек айну, құсу байқалады. Басында қызба атипті түрде (инициальді) болады. Одан кейін қызба безгекке тән дұрыс ұстама тәрізді ағынымен, кестеде – дұрыс интермиттерлеуші қисықпен көрінеді.

Безгектің біріншілік шабуылында қызбаның ұзақтығы 1-1,5 айда 10-15 пароксизмаларымен өтеді. Екі-үш пароксизмалардан кейін науқаста анемия, спленомегалия, гепатомегалия, сонымен қатар терінің және склераның сарғаюы байқалады. Қызбаның ұстамасы 3 фазадан тұрады: «қалтырау» - (2сағ), «жоғары температура» - (5-8сағ), «тершеңдік» - (1-2сағ). Жалпы ұстаманың ұзақтығы 5сағ-тан – 14сағ дейін. Пароксизмалар, көбінесе тәуліктің екінші жартысында (vivax), кешкі уақытта (ovale – malaria) байқалады.

Қызба жалпы токсикалық белгілерімен көрінеді: бас ауруы, жүрек айну, құсу, бұл көріністер әсіресе тропикалық безгекте байқалады, науқастың беті қызарып тұрады, склераның инъекциясы, теріде уртикальды бөртпелер байқалады, науқастар миалгияға шағымданады, бел аймағында ауру сезімі болады, сонымен тропикалық безгекте диспепсиялық белгілер – іш ауруы, диарея көрінеді.

Ұстама кезінде өкпеде – бронхоспазм, ал қан тамыр жүйесінде – тахикардия, гипотония дамиды.

Бір неше пароксизмдерден кейін анемия дамиды, эритроциттердің гемолизіне байланысты терінің сарғаюы байқалады. Паренхиматозды гепатит дамуы мүмкін. Бұл кезде әлсіздік, бас ауру, миалгия және артралгия жоғарлайды, осы нышандар апирексия кезеңінде сақталады.

№20 кесте.