2. Бүйрек-бауырдың жедел жетіспеушілігі.

3. Бүйректің жедел жетіспеушілігі.

Диагностикасы . Лептоспироздың диагностикасы, әсіресе аурудың 1-ші күні қиындық келтіреді.

1. Эпидемиологиялық тексерудің мәліметтері зор маңыз алады. Лептоспирозбен ауыру адамның мамандығына да байланысты (ветеринарлар, зоотехниктер, ет комбинатының жұмысшылары, аңшылар, шахтерлер т.б.), сондай-ақ кеміргіштермен, иттермен және басқа да үй жануарларымен байланыста болу аурудың жұғуына бірден бір себепкер нәрселер. Жұғу жаз айларында суға шомылудан, балық аулаудан да болуы мүмкін.

2. Клиникалық көріністері :

· кенеттен басталатын ауру;

· негізгі белгілері: ағзаның улануы, қызба,

· бұлшықеттердің ауыруы

· бүйректің зақымдану белгілері

· геморрагиялық синдром

· бауырдың зақымдануы - сарғыштану

· менингеалді синдром

3. Лабораториялық көрсеткіштер: лейкоцитоз, анемия, билирубиннің жоғарлауы, АлАТ пен АсАТ белсенділігінің жоғарылауы, зәрдің патологиялық өзгерістері, азотемия.

4. Қараңғы айдындағы микроскопия арқылы лептоспираларды науқастың қаны мен зәрінен табуға болады.

5. Бактериологиялық әдіс – қан, зәр, жұлын сұйықтығын қоректі ортаға себіп бөліп алуға болады. Бірақ, бұл әдістін нәтижесін 1 айдан кейін береді.

6. Биологиялық әдіс.

7. Серологиялық әдіс: КБР (1:10 –1:20), ТГАР, микроагглютинация және лизис реакциялары – 1:100.

8. ПТР

 

Емдеуі.

Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.

1. Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне, менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг 6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.

2. Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер, диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 60-120 мг тәулігіне).

Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл.

Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет.

Диспансерлік бақылау - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог, офтальмолог).

Алдын-алу шаралары.

1. Аурудың көзіне қарсы шаралар - кеміргіштермен, қаңғыбас иттермен күрес жүргізу шараларын іске асыру, лептоспирозбен ауырған ауылшаруашылық жануарларына дер кезінде ем жүргізу.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу – шикі суды ішуден, жануарлар жайылатын аймақтардағы ағымы жоқ суаттарда шомылудан сақтану керек. Лептоспироздың табиғи ошақтары, яғни бөгеттердің, құдықтардың тазалығын қатаң сақтау, жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

3. Ауруды жұқтыруға бейім келетін кәсіп иелеріне лептоспирозға қарсы егу шараларын жүргізу (вакцинация).