Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биофизика және биомедицина кафедрасы

«5В060900 - География», «5В060800 – Экология», «5В011600 –География», «5В061200 –Метеорология», «5В090300 – жерге орналастыру», «5В061000 – Гидрология», «5В071100- Геодезия және картография», «5В071100- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «5В090700 – Кадастр»

мамандығының білім беру бағдарламасы

СИЛЛАБУС

(KSE1210) Қазіргі жаратылыстану концепциясы

2018-2019 оқу жылының күзгі семестрі

Пәннің коды

Пән атауы

Типі

Аптасына сағат саны

Кредит саны

ECTS

Дәріс

Практ

Лаб
KSE 1210 «Қазіргі жаратылыстану концепциясы»   ОК 1

1

0

2

3
Дәріскер

аға оқытушы Атанбаева Гулшат Капалбаевна

Офис-сағаты

Сабақ кестесі бойынша

 

Gulshat.Atanbaeva@kaznu.kz

Байланыс телефондары

377-33-34; 377-33-33, ішкі. 12-09.

Аудитория 212

зал

                   

 

Курстың академиялық презентациясы

«Қазіргі жаратылыстану концепциясы» пәні - Білім беру бағдарламаларының базалық пәндеріне енеді.

Курстың мақсаты - теориялық, жаратылыстану ғылымдарының қоғам өміріндегі және өндірістің әртүрлі салаларындағы рөлінің арта түскендігін ескере отырып, гуманитарлық факультеттердің студенттерінің жаратылыстану пәндері бойынша заманауи көзқарастарын қалыптастыру. Студенттер пәнді оқу нәтижесінде келесідей мүмкіндіктерге ие болады:

- әртүрлі жаратылыстану ғылымдарының негізін құрайтын концепциялар туралы, олардың даму бағыттары жайлы тарихи тұрғыдан түсінік беру;

- жанды және жансыз табиғат жайлы, ондағы құбылыстардың заңдылықтары жайлы жалпы білімдер жүйесін қалыптастыру;

- қазіргі жаратылыстану бағыттарын бағалауда жүйелілік көзқарасты қолдану қабілетін дамыту;

- нақты ғылыми теориялар мен негіздемелік концепциялардың негізгі мағынасын талдауға үйрету;

- студенттерді қазіргі жаратылыстанудың неғұрлым маңызды жетістіктермен таныстыру;

- жаратылыстану ғылымдарының дамуының негізгі кезеңдерін, қазіргі биология ғылымының негізгі бөлімдерін және олардағы ғылыми жетістіктерін меңгеру;

- тіршіліктің жерде пайда болу жағдайларын, тіршіліктің көне дәуірлерден бүгінгі күндерге дейінгі даму заңдылықтарын, тірі материяның ұйымдастырылу деңгейлерін сараптау;

- тұқым қуалаушылық ақпараттың ата-анасынан ұрпақтарына берілу механизмін, биофизикалық заңдылықтарды, жердегі биологиялық әралуандылыққа қатер төндіріп тұрған факторларды меңгереді;

- белгілі бір гипотезаны, ғылыми теорияны қолдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін түйіндік тұстарын ажыратып тани білу;

- жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі бөлімдері, соның ішінде биология саласы, бойынша алған білімдерін ұштастырып, өз жауаптарында орынды қолдана білу;

Пререквизиттер

Физиканың, химияның, биологиялық пәндердің (зоология, ботаника, адам анатомиясы, генетика, эволюция, жалпы биология) мектептік курстары.

Постреквизиттер

Жеке даму биологиясы, жасқа сай физиология

Ақпаратты ресурстар

Оқу әдебиеттері:

1. Бияшева З.Г., Бияшева З. М., Вышенский В.В., и др. Концепции современного естествознания: учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті – 2002 – 286 с.

2. Рузавин Георгий. Концепции современного естествознания. Проспект, 2017. -288 с.

3. Найдыш В.М. Концепции современного естествознания: учебное пособие. Кноус, 2017. - 360 с.

4. Горелов А.А. Концепции современного естествознания: конспект лекций: учебное пособие. Кноус, 2017. - 203 с.

5. Бондарев В.П. Концепции современного естествознания: учебное пособие. Изд. 3-е, переработанное. Кноус, 2017. - 514 с.

6. Садохин А.П. Концепции современного естествознания: учебное пособие. Кноус, 2017. - 402 с

7. Шиповская Л.П. Концепции современного естествознания: учебное пособие. Кноус, 2017. - 270 с

Қосымша әдебиеттер :

1. Азимов А. Земля и космос. От реальности к гипотезе. Центрполиграф. 2017. -280 с.

2. Баксанский О.Е. Современные когнитивные концепции:учебное пособие. Ленард, 2017. -220 с.

3. Валянский С.И., Егоров С.В., и др. Современое естествознание. МАИ. Кнаус, 2017. -142 .

4. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. T8RUGRAM. 2017. 575 C.

5. Гусейханов М.К. Современные проблемы естественных наук: учебное пособие. Лань,2017. -275 с.

6. Хокинг С., Млодинов Л. Кратчайшая история времени. На перекрестке астрономии и философии. АСТ.2017. - 175 с.

Интернет ресурстары:

1. https://www.mpda.ru/data/227/627/1234/%D0%A1%D0%B0%D0%B4%D0%BE%D1%85%D0%B8%D0%BD%20%D0%90.%D0%9F.pdf Концепции

современного естествознания

2. http://inpo.s-vfu.ru/distant/pluginfile.php/2083/mod_resource/content/

3. http://www.elcom.ru/~human/kse.html

Онлайн қол жетімділігі: Қосымша әдебиеттер мен пайдаланылатын материалдар univer.kaznu.kz жүйесінде пәннің оқулықтармен қамтамсыз ету картасында көрсетілген. Сонымен бірге үй тапсырмалары мен қосымша ізденіс үшін мәліметтер базасы жүйесінде univer.kaznu.kz сайтының ПОӘК бөлімінде қол жетімді.

Университет құндылықтары

контекстінде

академиялық

курс саясаты

Академиялық мінез-құлық ережесі::

Сабақтарға міндетті түрде қатысуы, кешігіп келуге жол бермеу.

Оқытушыға ескертпей сабақта болмауы, кешігуі кезінде 0 балмен бағаланады.

Тапсырмаларды (СӨЖ бойынша, аралық бақылау, зертханалық, жобалар және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдері міндетті сақтау.

Тапсырмаларды орындау барысында студент орындау мерзімін бұзған жағдайда шегерілген айыппұл баллдарымен бағаланады

Академиялық құндылықтар:

Академиялық құндылық және адалдық: барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау; плагиатқа жол бермеу, жалғандық, шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық кезеңінде көшіру, оқытушыны алдау және оған деген қарым-қатынасының нашарлығы. (ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексі).

Бағалау және аттестаттау саясаты

Критериалды бағалау: дескриптер бойынша оқытудың нәтижелеріне қатысты бағалау (аралық бақылау мен емтиханда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).

Суммативті бағалау: аудиториядағы жұмыстарының белсенділігі мен қатысуын бағалау, СӨЖ (жоба/кейс/бағдарлама/)

Қорытынды бағаның есептеу формуласы.

Жұмыс сипаттамасы пайызы Тапсыру аптасы
АБ 1   1,2,3,4,5,6,7
Семинарлық сабақ СОӨЖ тапсырмалары Барлығы 40% 60% 100% 1,2,3,4,5,6,7 3,5,
АБ 2   9,10,11,12,13,14,15
Семинарлық сабақ СОӨЖ тапсырмалары Барлығы 40% 60% 100% 9,10,11,12,13,14,15 9,11,13,15

(АБ1+АБ2)/2 • 0,6 + 0,1МТ + 0,3TE

Төменде бағалардың төменгі шегінің пайыздары берілген:

95% - 100%: А 90% - 94%: А-

85% - 89%: В+ 80% - 84%: В 75% - 79%: В-

70% - 74%: С+ 65% - 69%: С 60% - 64%: С-

55% - 59%: D+ 50% - 54%: D- 0% -49%: F

Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі:

Апта/ күні

Тақырыптың атауы (дәріс, практикалық сабақ (семинарлық сабақ, БӨЖ)

Сағат саны Жоғары балл

1.

Дәріс 1: Жаратылыстану – табиғат туралы ғылымдардың кешені. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулердің әдістері түсіндіру

1  

Семинар сабақ 1: Ғылым – адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі, жаратылыстанудың антика дәуірінен бүгінгі күндерге дейінгі даму тарихын айту

1 5

2.

Дәріс 2: Қазіргі жаратылыстанудағы тіршілікке қатысты көзқарастар. Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі гипотезаларды айту

1  

Семинар сабақ 2: Тіршіліктің Жерде пайда болуы, тірі материяға тән кейбір ерекше белгілерді сипаттау

1 6

3.

Дәріс 3: Тіршіліктің Жерде пайда болуы үшін қажетті физикалық және химиялық алғышарттар. Органикалық әлем эволюциясының теорияларын ұғындыру

1  

Семинар сабақ 3: Ч.Дарвиннің Жердегі тіршіліктің эволюциясы теориясының негізгі қағидалары, эволюцияның синтетикалық теориясын айту

1 6

СОӨЖ1 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ 1.

1. «Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәні және оның әлеуметтік маңызын жазу

2. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы. Ғылыми

танымның деңгейлері, формалары және әдістерін талдап көрсету

3. Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметін түсіндіру

  20

4

Дәріс 4: Генетика негіздері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлерін жазу. Қазіргі генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері денсаулық сақтау саласына және өндіріске қызмет етуін түсіндіру

1  

Семинар сабақ 4: Негізгі генетикалық процестер. Тұқым қуалайтын аурулардың концепциясын талдау

1 5

5

Дәріс 5: Тірі зат – биосфераның жай түзуші факторы. Биосфераны ноосфераға айналдыру концепциясын түсіндіру

1  

Семинар сабақ 5: В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі және оның биосфераның қазіргі күйін түсіну үшін маңыздылығына көз жеткізу

1 6

 

СОӨЖ 2 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ 2

1. Табиғи сұрыпталу және тұқым қуалау өзгергіштігі. Олардың типтері, өзара әрекеттесуін және нәтижелерін жазу

2. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ және РНҚ. ДНҚ-ның құрылымы мен қасиеттері. ДНҚ-ның тұқым қуалаудағы ролі. РНҚ-ның құрылымын жазу

3. Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлерін түсіндіру

  20

6

Дәріс 6: Адамзаттың шығу тегі, адам эволюциясының кезеңдерін жазу Адамның денсаулығы, адамзаттың демографиялық проблемаларын жазу

1  

Семинар сабақ 6: Homo туыстастығының эволюциясы, Homo sapiens L. биологиялық түрінің келешегі туралы көзқарастарды мысалмен түсіндіріп айту

1 3

7

Дәріс 7: Этология – жануарлардың мінез-құлқы туралы ғылым, жануарлар мен адамның мінез-құлқындағы кейбір ұқсастық белгілерін айту. Шығармашылық еңбекке қабілеттілік – адамды жануарлар әлемінен ерекшелендіретін негізгі ерекшеліктерді сипаттау

1  

Семинар сабақ 7: Биологиялық ырғақ. Адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі биологиялық және әлеуметтік нышандар, әлеуметтік ортаның адамның мінезі мен іс-әрекетіне әсерін ұғындыру

1 4

СОӨЖ 3 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ 3.

1. Адам миының құрылысы және қызметін жазу

2. Адамның жеке дамуы (онтогенез) туралы нақтылап жазу

3. Адам биоәлеуметтік жан. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды жазу

  20

АБ 1

Жинақ бойынша барлығы(семинарлық сабақ, СӨЖ)

  100

8

Дәріс 8: Экология негіздері, қазіргі кезеңнің экологиялық проблемаларын айту. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық деген түсінікке толық ақпарат беру

1  

Семинар сабақ 8: Қазіргі кезеңнің кейбір экологиялық проблемаларының шығу төркіні және олардың шешілуінің ықтимал жолдарын айту

1 4

8

Аралық емтихан (Midterm)

100

9

Дәріс 9. Физиканың міндеттері. Табиғат заңдары. Физикалық құбылыстардың дамуы. Классикалық механика концепцияларын ұғындыру

2

 

Семинар сабақ 9. Кеңістіктік және уақыттық масштабтар. Симметрия және фундаменталды сақталу заңдарын айту

1

5

10

Дәріс 10. Табиғаттағы тербелістер мен толқындар сипаттамасы. Гармониялық осциллятор туралы жазу.

2

 

Семинар сабақ 10. Дыбыстың ортада таралуы және ағзалардың дыбыс толқынына реакциясын жаздыру

1

5

 

СОӨЖ 4 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ- 4 тапсырманы өткізу. – реферат

  1. И. Ньютон және қазіргі жаратылыстану айырмашылығын жаздыру
  2. Материя құрылымы – микро, макро, мегаәлем туралы ұғымды қалыптастыру
  3. Толқындардың типтері мен қасиеттері туралы жазу

 

15

11

Дәріс 11. Термодинамика және статистикалық физика концепцияларын түсіндіру

2

 

 

Семинар сабақ 11. Термодинамиканың негізгі бастамалары. Энтропия және ықтималдылық деген ұғымға түсінік беру

1

6

 

СОӨЖ 5 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ-5 тапсырманы өткізу - реферат.

1. Физика ғылымындағы ғылыми-техникалық төңкерістерді айту

2. Өздігінен ұйымдасатын жүйелер және энтропия туралы жазу

3. Термодинамика заңдарын жазып түсіну

 

15

12

Дәріс 12. Классикалық электрдинамика концепциялары

2

 

 

Семинар сабақ 12. Максвеллдің электрмагниттік өріс теориясы туралы мағлұмат беру

1

6

 

СОӨЖ 6 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ-6 тапсырманы өткізу .- реферат

  1. Электрмагниттік өріс теориясы. Зат және өріс туралы айту
  2. Жердің магнит өрісі туралы ұғым қалыптастыру
  3. Электрмагниттік толқындар, олардың қасиеттерін айту

 

15

13

Дәріс 13. Жарықтың корпускулалық – толқындық дуализмі туралы айту

2

 

 

Семинар сабақ 13.Фотоэффект және Комптон эффектісі туралы жазу

1

6

 

СОӨЖ 7 Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ-7 тапсырманы өткізу- реферат

  1. Фотоэффект және оның заңдылықтарын дазу
  2. Жарықтың толқындық қасиеттерінің практикалық қолданылуы
  3. Допплер эффектісін айту

 

15

14

Дәріс 14. Кванттық механика және микроәлем жөнінде түсініктердің қалыптасуын түсіндіру

2

 

 

Семинар сабақ 14. Де Бройль болжамы. Анықталмағандық қатынас дегенді түсіндіру

1

6

15

Дәріс 15. Атомдық және ядролық физикаға жаңа көзқарас. Ядроның құрылысы. Элементар бөлшектер туралы айту

2

 

 

Семинар сабақ 15. Фундаменталды өзара әсерлесу типтерін айту

1

6

АБ2

Жинақ бойынша барлығы (семинарлық сабақ, СӨЖ)

 

100

 

Барлығы

 

100
               

 

Биология және биотехнология факультеті деканы­­_________________ Заядан Б.Қ. Физика-техникалық факультеті деканы __________________ Давлетов А.Е.
Биология және биотехнология факультеті әдістемелік кеңестің төрайымы ______________________ Жумабаева Б.А. Физика-техникалық факультеті әдістемелік кеңестің төрайымы ___________________ Габдуллина А.Т.
Биофизика және биомедицина кафедрасы меңгерушісі ______________ Төлеуханов С.Т Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы меңгерушісі ______________________ Архипов Ю.В.
Дәріскер ____________ Атанбаева Г.К. Дәріскер_____________ Кенжебекова А.И.