Листериоз жағдайын стандартты анықтау

Листериоздың жедел респираторлы түріне күмәндану жағдайы:

Орташа деңгейдегі улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың төртеуімен сипатталатын жедел ауру:

- тамақ аймағындағы ауру сезімі;

- анқаның гиперемиясы;

- жұтқыншақтың шырышты қабатының гиперемиясы;

-мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы;

- дақты-папулезді және/немесе папулезді-пустулезді бөртпе;

- жөтел және/немесе ринит

Листериоздың баспалы түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, 38ºС жоғары қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың бесеуімен сипатталатын жедел ауру:

- тамақ аймағындағы ауру сезімі;

-көмекей бездерінің гиперемиясы және/немесе гипертрофиясы;

- көмекей бездерде іріңді және/немесе некрозды жабындылар;

- мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы немесе полиаденит;

-мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы;

- бауырдың ұлғауюы

- іштің өтуі

Листериоздың терілік түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың біреуімен сипатталатын жедел ауру:

-түбі тығызданған, ауру сезімімен сипатталатын біріншілік терілік аффект:

- папула

- везикула

- пустула

- жара

- региональды лимфаденит және/немесе полиаденит

Листериоздың абдоминальды түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, жоғары қызбамен, ас қорыту жүйенің зақымдануымен және келесі келтірілген нышандырдың бесеуімен сипатталатын жедел ауру:

- іш аймағындағы ауру сезімі,

- сұйық немесе ботқа тәрізді нәжіс,

- бауырдың ұлғауюы

- лимфа түйіндердің ұлғауюы

- тахикардия,

- анқаның гиперемиясы

- буындардың ауруы

Листериоздың біріншілік-жайылмалы түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың төртеуімен сипатталатын жедел ауру:

- қалтырау, тершеңдік,

- бел,сүйек,буындардың ауру сезімі

-тамақ аймағындағы ауру сезімі, анқаның гиперемиясы - жұтқыншақтың шырышты қабатының гиперемиясы немесе түйіршектенуі;

- бауырдың ұлғауюы

- лимфа түйіндердің ұлғауюы

- дақты-папулезді және/немесе папулезді-пустулезді бөртпе;

Генитальды листериоз жағдайын анықтау:

Күмәндану жағдайы:

Жыныс мүшелерінің қабыну процесі кезінде анықталады (себебі, жыныс мүшелерінің қабыну процестері генитальді листериоз кезінде бақылау тобымен салыстырғанда нақты жиірек тіркеледі)

Күмәндану жағдайды анықтау біріншіден листериозға зерттеу мүмкіндігін, екіншіден күдікті инфекция жағдайында шұғыл хабарлама беруге мүмкіндікті береді.

Ықтимал жағдай:

күмәндану жағдайда және келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:

- анамнезде жүктілік немесе босану патологиясы туралы мәлімет болса (себебі, листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 37%-ы ғана өз уақытында қалыпты босанды, сау әйелдердің қалыпты босанған 65%-мен салыстырғанда нақты жиірек);

- анамнезде түсіктердің, өлі туылған нәрестелердің болуы Сонымен қатар, листериоз кезінде сиректеу кездесетін жүктіліктің қолайсыз нәтижелері:

- анамнезде нәрестенің туа пайда болған патологиясының болуы;

- анамнезде ерте жастағы балалар өлімінің болуы.

Немесе

- «оң» агглютинациялық тесттер (ТГАР және т.б.), титрі 1:200-ден төмен

Немесе

- жыныстық серіктесте дәлелденген листериоздың болуы (генитальді листериозбен ауырған әйелдердің жыныстық серіктестерін тексеру барысында генитальді листериоз 100%-да бактериологиялық жолмен дәлелденген).

Дәлелденген жағдай

Келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:

- жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарынан листерия дақылының бөлінуі

- жыныс жолдарының шырышты қабатынан алынған жағындының «оң» ПТР-сы

- жыныс жолдарынан алынған листериялар антигеніне ИФА-ң «оң» болуы

- «оң» ТГАР

- жұп сарысудағы антиденелер титрінің төрт есе және одан жоғары болуы

- серологиялық реакцияның 1:200 және одан жоғары титрде бір рет болуы

- серологиялық реакция титрі 1:200-ден төмен болып, бірақ нәтиже спецификалығы басқа серологиялық реакциямен дәлелденуі

Листериоздың барлық клиникалық түрлерінің ықтимал жағдайы

Листериоздың күмәндену жағдайына сәйкес келетін және келесі келтірілген эпидемиологиялық факторлердің біреуі:

- жеке үйде тұру,

- жануарлармен жанасу,

- шикі жеміс-жидектерді, көк өністерді қабылдау,

- жерде жұмыс істеу (сая бақта және т.б.)

- ашық суаттарда шомылу.

немесе

келесі лабораторлы тестілердің оң нәтижелі болуы

- ауыз –жұтқыншақтың жағындысында грам оң таяқщалардың анықталуы;

- агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1: 100 ден жоғары емес нәтижесі

немесе

- дәлелденген жағдаймен эпидемиологиялық байланыстың болуы

Листериоздың барлық клиникалық түрлерінің дәлелденген жағдайы

Келесі келтірілгеннің біреуі:

- листерия дақылын бөліп алу

- ПТР әдісінің оң нәтижесі

- ИФА әдісінің оң нәтижесі

-агглютинация реакциялар титрінің 4 есе жоғарлауы

-агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1:200 және одан да жоғары нәтижесі

- агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1:200 ден жоғары емес жағдайында басқа серологиялық реакцияның оң нәтижесі

Емдеуі

Этиотропты емді түрлі антибиотиктермен жүргізуге болады. L. monocytogenes антибактериальды препараттарға сезімталдығы №15 кестеде, генитальді листериозбен ауырған науқастарды емдеуі №16 кестеде келтірілген.

1. Жергілікті түрлерінде 1 антибиотик, жайылмалы түрлерінде - 2 антибиотик қолданылады: макролидтерге, ампициллинге, цефалоспориндерге аминогликозидтерді қосу қажет - гентамицин, тобрамицин және т.б.

2. Фторхинолондар (ципрофлоксацин, пефлоксацин, офлоксацин, т.б.) тиімді әсер етеді. Қолайлы қомбинацияның бірі: цефалоспориндер мен фторхинолндар. Олар орта терапевтикалық дозасында тағайындалады. Этиотропты емінің ұзақтығы клиникалық сауығу және макроорганизмнің қоздырғыштан тазарумен анықталады, көбінесе 7-10 күн болады. Листериоздың ауыр түрінде этиотропты терапия 14-21 күнге созылады.

3. Патогентикалық ем – улану симптомдарымен күресу; ТШҚҰ-синдромымен күресу; қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ағзалық патологияға байланысты ем жүргізу қажет. Менингит кезінде дегидратациялық ем пайдалану қажет.

4. Иммунотерапия. Сонғы жылдары емдік комплекске иммунокорректорларды қосып, олардың ішінде интерлейкин-2 (ронколейкин) аурудың болжамын жақсы көрсеткіштерге жеткізуге болады.

5. Жергілікті ем ангинозды, терілік, көз-бездік түрлерінде қолданылады.

Листериоздың емінде цефалоспориндерді (парентеральді немесе энтеральді) нитрофурандармен (жергілікті, қынап арқылы) бірге қолдану ұсынылады.

Генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдерді күндізгі стационарда амбулаториялық жағдайда емдеуге болады. Антибиотиктер листерияларды штаммының сезімталдығын анықтағаннан кейін тағайындалды. Емдік курсы -7 күн.

Болжамы. Дер кезінде жүргізілген емнің өзінде де өлім қаупін тудыратын жағдай менингит пен энцефалит. Листериоздың трансплацентарлы берілуі барысында әрқашан нәрестенің өлімімен аяқталады. Жаңа туылғандардың залалдануында өлім қаупі 50%-ті қамтиды. Листериоздың болжамы 1 жасқа дейінгі сәбилер үшін, 60 жастан жоғары қарттар үшін, сондай-ақ өте ауыр ілеспелі аурумен ауырғандар (ісіктер, АИВ\ЖИТС-инфекция және т.б.) үшін жағымсыз. Жүкті әйелдерде листериоз іштегі нәрестенің ауыр зақымдануына алып келеді.

№15 кесте

L. monocytogenes антибактериальды препараттарға сезімталдығы

 

Сезімталдықтың дәрежесі   жоғары   орта төмен
Препараттар % % %
Сифлокс 15,1 72,7 12,2
Ципрофлоксацин 15,1 69,7 15,2
Пефлоксацин 3,0 15,1 81,9
Офлоксацин   15,1 84,9
Цефтриаксон 15,1 69,7 15,2
Цефамезин 12,1 72,7 15,2
Цефазолин 12,1 69,7 18,2
Цефалотин 9,1 69,7 21,2
Цефаклоран 12,1 63,6 24,3
Фурагин   51,5 48,5
Фурадонин   51,5 48,5
Фуразолидон   51,5 48,5
Фурациллин   51,5 48,5
Гентамицин 6,1 27,2 66,7
Стрептомицин     100
Канамицин     100
Ампициллин 3,0 24,2 2,7
Амоксициллин   9,1 1,0
Оксациллин   3,0 97
Пенициллин   3,0 97
Метициллин     100
Карбенициллин     100
Рифампицин 3,0 18,1 78,9
Линкомицин 6,1 9,1 84,8
Доксициклин 3,0 6,1 90,9
Тетрациклин     100
Эритромицин   6,1 93,9
Олеандомицин     100
Левомецитин     100
Ристомицин     100
Бисептол     100

 

 

Аурудың алдын алу шаралары.

Етті және ет өнімдерін қайнату. Шикі сүтті пайдалануға тиым салу. Листериоз әсіресе жүкті әйелдерге көп қауіп тудырады. Сондықтан мал шаруашылығында істейтін әйелдерді жүктілік кезінде жұмыстан босату керек.

№16 кесте