Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
Псевдотуберкулезге күмәндану | Псевдотуберкулездің болуы ықтимал | Дәлелденген псевдотуберкулез | ||
¨Жедел немесе баяу басталатын ауру, келесі клиникалық көріністерімен сипатталған: Жалпы нышандар: қызба, артралгиялар, іш аймағында ауру сезімі, нәжістің сұйықталуы, бауырдың ұлғаюы, жалпы улану белгілері. Жергілікті көріністер: полиморфты бөртпе, энантема, лимфа түйіндердің ұлғаюы, катаралді көріністер (жедел респираторлы вирусты инфекция немесес тонзиллит тәрізді). Псевдотуберкулездің клиникалық түрінің нышандары. Эпидемиологиялық мәліметтер: Øкеміргіштермен жанасу, көкөністер базасында жұмыс істеу Және ¨келесінің біреуі: Ø шикі көк өністерді қабылдау. Øауылшаруашылық өндірістігінде, жұмыс істеуз
| ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Және ¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі: Øэпидемиологиялық анамнез; Øқалалық және дәлелденген аурумен эпидемиологиялық байланыс; Ø залалданған шикі көкөністермен жеміс-жидектерді қабылдау; Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі
| ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Науқастан немесе науқас қабылдаған тағамдардан Y. Enterocolitica дақылы бөлінуі; Ø ТГАР агглютинациялық антиденелердің «оң» нәтижесі Ø ИФА және АР Y. Enterocolitica антигені арнайы поливаленті антиденелік иммунореагентермен экспресс-анықталу Ø серологиялық реакциялардың нәтижелерінің комплексті қолдану қажет; Ø бактериологиялық әдіспен қоздырғышты анықтау мүмкіншілігі төмен. | ||
ІШЕК ИЕРСИНИОЗЫ
Анықтамасы. Ішек иерсиниозы - Iersinia enterocolitica қоздыратын, асқазан-ішек жолдарын зақымдап, токсикалық-аллергиялық белгілері мен өтетін жедел жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтері. Қоздырғышты 1939 ж. Дж.Шлейфстейн және М.Колеман деген ғалымдар анықтаған, бірақ оның қандай ауру туғызатынын олар білмеген. Адам арасында бірінші аурулар туралы мәлімет 60- шы жылдардан кейін белгілі болды, ал сонғы жылдары тез көбее берді.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы - Iersinia enterocolitica – грам « теріс» таяқша Enterobactericea тұқымдастығына жатады. О- және Н- антигені бар, О – антиген бойынша 50 сероварлары бар, 5 биотипі бар. Олардың ішінде адамға патогенді 01,05,08,09 сероварлары. 09 серовар бруцелламен ортақ антигені бар, сондықтан Райт реакциясы «оң» нәтижелі болуы мүмкін. Иерсиниоз қоздырғышы тек эндотоксин бөледі. Тоңазытқыш температурасында 4-8 °С көп уақыт сақталып және жеміс, көкөністер мен басқа тағамдарда көбеюге қабілеті бар. Қайнатқанда иерсиниялар бірден өледі.
Патогенезі псевдотуберкулезге біраз ұксас. Ерекшілігі: ішекті көбірек зақымдап, терминальды илеит, жаралы, некрозды энтерит, энтероколит, мезентериальды лимфаденит дамиды. Қоздырғыш ішектің төмінгі бөлімдері арқылы еніп, оның аймақтық – мезентериалді лимфа түйіндерінде ұялап, солардың зақымдануы арқылы әрі қарай септикалық инфекция қалыптасуына жағдай жасалады. Аурудың өте жие кездесетін терминалді илеит, гастроэнтерит, энтероколит мезентериалді лимфаденит, аппендицит болып келгендіктен, ол “ішек иерсиниозы” деген ат алған. Бірақ ішек жағынан кездесетін белгілерден басқа да артрит, түйінді эритема, конъюнктивит, лимфаденит, гепатит, нефрит, уретрит, т.б. синдромдар көрініп, ол псевдотуберкулезге ұқсастығын көрсетеді.
Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
Ауруды емдеу, аурудың алдын алу шаралары псевдотуберкулезге ұксас.
ЛИСТЕРИОЗ
Анықтамасы. Листериоз - Listeria monocytoqenes қоздыратын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін, полиморфты клиникалық көріністерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Ол көбінесе жүкті әйелдер мен жаңа туылған нәрестелерді зақымға ұшыратып және айрықша жүйке жүйенің, көмекей безінің, лимфа түйіндерінің, бауыр мен көк бауырдың зақымдануымен сипатталады.
Тақырыптың өзектілігі. Листериоз әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Өлім-жітімділігі 5-38% аралығында. Ал осы аурудан қаза тапқандардың 24,8% өлім қатерін 2 айға дейінгі сәбилер алса, 34,9% - 60 жастан жоғары қарттарға тән.
Этиологиясы. Листериоздың қоздырғышы Listeria monocytoqenes – қысқа таяқшалар немесе кокктар, грам «оң», факультативті анаэроб, жылжымалы бактериялар. Капсула және спора түзбейді. Соматикалық О және қылаяқты Н – антигендері бар, 4 серологиялық типтерге және a,b,c,e - подтиптерге бөлінеді. Қазіргі жағдайда 90% ауру 4b, 1b, 1а серотиптерімен шақырылады. Листериялар сыртқы ортада тұрақты. Олар топырақта, бидайда, мұзда ұзақ уақыт сақталып, +4-+6°С тоңазытқышта көбееді.
Қыздыру мен дезинфекциялаушы препараттардың әсерінен тез жойылады.
Тетрациклин тобындағы антибиотиктерге, пенициллинге, рифампицинге, стрептомицинге, эритромицинге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Аурудың көзі және резервуары - сүтқоректілердің көптеген түрлері (ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, кеміргіштер), құстар, кенелер, шаян тәрізділер.
Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
Аурудың берілу жолдары:
- алиментарлы – шикі және әбден піспеген сүт, ет тағамдары арқылы,
кеміргіштердің зәрімен залаладанған су, тағамдар арқылы;
- контатктілі-жарақатты ауру малмен жанасу кезінді, ет бөлшектегенде, малдың терісімен жұмыс жасағанда;
- аэрогенді - залалданған шаң арқылы;
- трансмиссивті – кенелер арқылы (өте сирек кездеседі);
- вертикалд і –анадан іштегі нәрестеге плацента арқылы. Залалдану жүктіліктің ерте кезеңінде болса өздігінен түсік тастау, нәрестенің өлі туылуы мүмкін. Жүктіліктің екінші жартысында залалданса нәрестенің туа пайда болған листериозы дамиды.
- интранаталд і – босану жолдарынан өткенде;
- жыныстық
Листериозға барлық адамдар сезімтал, бірақ ет-сүт комбинаттарында, мал, құс фермаларында жұмыс істейтін қызметкерлер жиі аурады, және иммунды тапшылық жағдайда жиі кездеседі: жүкті әйелдер, 1 жасқа толмаған балалар, 60 жастан асқан адамдар, және кортикостероидтар, иммунодепрессантар қабылдайтын науқастар, АИВ\ЖИТС-инфекциямен, қант диабетімен ауыратын науқастар.
Патогенезі толық зерттелмеген.
1 сатысы – жұқтыру сатысы. Инфекцияның кіру қақпасы жұтқыншақ, асқазан-ішек, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықшалары, көз, жарақаттанған тері. Кездейсоқ жағдайларда аурудың кіру қақпасын анықтауға қиын болады.
Листериялардың вируленттігі жоғары емес, егер организмнің қорғаныс қабілеті қалыпты болса ауру дамымайды. Патогенездің бұл сатысы аурудың бейімделу сатысына немесе жасырың кезіңіне сәйкес келеді.
2 сатысы – біріншілік ошақтану сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы аймағында қабыну процестер дамуы мүмкін. Мысалы: тері арқылы енсе – терілік түрі, көмекей бездер арқылы – баспалы түрі. Осы ағзаларда листериялар ұзақ сақталады гранулемалардың (листериома) ортасында. Листериомалар некрозға ұшырап, абсцесске айналуы мүмкін. Жүкті әйелдерде гранулемалар плацентада орналасады. Жұғу әдетте жүктіліктің 3-ші триместрінде өтеді. Осы сатысында ауру тоқтауы мүмкін. Бірақ иммунитет төмендеген жағдайларда гематогенді диссеминация дамып ауру жайылмалы түрде өтуі мүмкін.
3 сатысы - екіншілік-жайылмалы сатысы. Бактериемия дамиды.
4 сатысы - екіншілік ошақтану сатысы. Гематогенді диссеминация арқылы листериялар әр түрлі ағзаларға (бездерге, орталық жүйке жүйесіне, бауырға, өкпеге) тарап, қабыну процестердің себебі болады. Кейбір жағдайларда 2-ші сатысы болмай, бейімделу кезеңінен кейін біріншілік жайылмалы түрі (бактериемия) пайда болғанда сепсис тәрізді жедел қызбалы түрі дамиды. Бұл түрі ұрықта немесе нәрестеде кездеседі. Гематогенді диссеминация арқылы листериялар ішкі ағзаларға шоғырланады: орталық жүйке жүйесі, бездер, бауыр, көк бауыр зақымданады.