Иммукорректорларды қолдану
Бруцеллездің патогенезінде иммундытапшылық дамығаннан соң, комплексті емде иммунокорректорларды қолдану тиісті. Бұрын бруцеллездік вакцина, пирогенал, левомезол, миелопид, спленин, тимустың препараттары (тимоген, тималин, тактивин, иммуномодулин және т.б.), витамин А, бруцеллездік сұйық аллерген, интерферондар қолданған. Қазіргі жағдайда вакцинамен және пирогеналмен емдеу әдістеріне тиым салынған, себебі гиперсенсибилизацияланған организмнде аллергиялық қайта құрылыу одан сайын өршіп нейробруцеллезге және басқа қауіпті асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Гетерологиялық белокты препараттарда (тимоген, тималин, тактивин, иммуномодулин және т.б.) зиянды болуы мүмкін.
Сонғы жылдары рекомбинанты препараттар әр түрлі жұқпалы ауруларда (туберкулез, сепсис, вирусты гепатит) этиотропты препараттармен бірге қолдануы зерттеліп жатыр Рекомбинанты интерлейкин -2 (ронколейкин) 250 000 Б тері астына 72 сағат сайын, курсына 3- 5 рет жедел бруцеллез кезінде; 500 000 Б тері астына 72 сағат сайын 7-10 рет созылмалы бруцеллез кезінде этиотропты препараттармен (фторхинолондар) қолдану нәтижесінде науқастардың толық айығуы дамиды.
Рекомбинанты интерлейкин -1 бета (беталейкин) 0,0005 – 0,001 нг тері астына 72 сағат сайын 7-10 рет созылмалы бруцеллез кезінде қолданған нәтижесінде науқастардың толық айығуы дамиды.
Симптоматикалық ем
Зақымдалған ағзаларда дегенеративті-дистрофиялық өзгерістерді алдын алу мақсатымен алоэ, ФИБС, румалон, лидаза, ронидаза, гумизоль препарататарын қолдану қажет. Остеоартроздың дамуын алдын алу және артроздарды емдеу мақсатымен хондропротекторларды қолдану қажет. Оларды ұзақ уақыт бойы (2-3 ай бойы) және жылына 2-3 рет қайталап тағайындау керек. Гиалурон қышқылы, глюкозаминсульфат, хондроитинсульфат шеміршектің метаболизмін күшейтіп, буындардың қимыл қасиетін жоғарлатады. Остеопорозды алдын алу мақсатымен кальций препараттарын, витамин Д3, кальцитонинді тағайындау қажет. Жүрекқантамыр жүйе бойынша өзгерістер қалыптасқанда комплексті емді калий препараттарын (панагин, калий оротат), рибоксин, 1 ай бойы тағайындалады; дисциркуляторлы энцефалопатия кезінде церебралді гемодинамикасын қалпына келтіретін – винпоцетин (кавинтон), актовегин, трентал, гинко билоба препараттары (танакан), сосын ноотропты препараттарды (пирацетам, церебролизин) тағайындылады, өт жолдарының дискинезия, іштің қатуында спазмолитиктер (дротаверин, пиновериум бромид, дюспаталлин) тағайындылады. Зақымдалған тіндердің гипоксиясымен күресу мақсатымен глюкоза, витамин С, В1, метионин, рибоксин, никотин қыщқылы тағайындалады. Міндетті түрде анемияны емдеу қажет. Патологиялық психоэмоционалді бұзылыстар дамығанда седативті препараттар, психотерапия жақсы емдік әсер етеді.
Реабилитация. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың реабилитациясы толық жүргізілуі қажет. Физиотерапевтік ем әдістерін – магнит, электр мен емдеу, жарықпен емдеу, ультрадыбыспен, инфрадыбыспен емдеу; бальнетеотерапия –пелоидтар, бишофит, гидробентонит; емдеу дене шынықтыру, рефлексотерапия, психотерапия кең қолдану керек.
Ескеру қажет: жоғары температуралы табиғи және физиотерапевтикалық факторларды тек қана бруцеллездің өршу сатысынан 6 айдан кейін тағайындауға болады.
Диспансеризация. Бруцеллезбен ауырған науқастар аурудың жедел түрлерінен кейін және созылмалы түрінің сонғы өршуінен кейін 2 жыл бой диспансерлік бақылауда болады.
Алдын алу шаралары.
1. Аурудың көзіне қарсы шаралар: ірі қара малды ет комбинатына тапсырып, ал ұсақ қара малды жою керек.
2. Ауруды тарататын жолдарын үзу үшін мал төлдегенде қолғап киіп, мал қораларын жинап жүн қырыққанда респиратор, маска қолдану қажет. Шикі және пастерленген сүтті міндетті түрде қайнатып, ал етті тағамдарды әбден пісіріп қабылдау қажет.
3. Бруцеллезге қарсы вакцина – тірі вакцина, B.abortus штамынан жасалған (ВА19). Жоғары айтылғандай, бұл вакцинаны қолданғаннан кейін адамдарда аллергиялық қайта құрылыстың нәтижесінде жоғары сезімталдық пайда болады. Олар бруцеллездің жедел түрімен ауырмайды. Бірақ, соңынан осы адамдарда ауырудың клиникалық көріністері байқалып, олар біріншілік созылмалы бруцеллезбен ауырады (А.С.Нъематов, 1992, Л.Е.Цирельсон, 1992). Сондықтан, 1995 ж бастап бруцеллезге қарсы адамдар егілмейді. Өкінішке орай, бұл ауыруды бақылауға алу қиындыққа түсіп отыр.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығының көшірмесі «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы»