Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
Жалпы нышандар | Аса тән көріністері |
Ø Жедел бруцеллез - ауру жедел басталады: дене қызуы алғашқы күндері жоғары деңгейге (39ºС және жоғары) дейін жетеді; - қызба ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық сипатта (2 толқынның арасындағы қызбасыз өтетін кезеңнің ұзақтығы бір неше күннен бір неше аптаға дейін созылуы мүмкін; өршу толқындардың саны 2 -10 болуы мүмкін); - үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) айқын емес, ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады; - дене салмағын жоғалту Ø Жеделдеу бруцеллез -қызба қисығының дұрыс емес сипаты (тәулік бойы өзгеруі мүмкін); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (қысқы мерзімді) аусуы мүмкін; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; ауыздың кебуі, шөл, улкен дәреттің жүрмеуі Ø Созылмалы бруцеллез* - қызба фебрилді және субфебрилді (суб- және декомпенсация сатыларында); қалыпты (компенсация сатысында); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (ұзақ мерзімді) аусады; - аурудың өршуі әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен дамиды (салқын тигізу, жоғары физикалық және ойлық күш түсіру, күнге қыздыру, сауна қабылдау, термиялық әсері бар физиотерапевтикалық емін қабылдау, жүктілік, жүктіліктен босану, қосымша аурулардың қалыптасуы, стрессті жағдайлар, белок жетіспеітін тамақтану және т.б.); - әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), естіліктің төмендеуі; |
|
Лабораторлық әдістер:
1. Бактериологиялық әдіс.
Бруцелла дақылын қаннан бөліп алу үшін Castaneda (1947) бифазды әдісімен қолдану қажет. Зерттеуханаға қан (5 мл) транспорртық ортаға (Т.А.Грушина, М.М.Ременцова, 1991) салынып жеткізіледі. Осымен қатар, қоздырғышты лимфа түйіндердің, сүйек кемігінің пунктаттарынан, зақымдалған буынның синовиалді сұйықтықтан бөліп алуға болады. Бұл әдістің нәтижесі 30-45 күннен кейін дайын болады, себебі қоздырғыш қоректі ортада өте жай өседі. «Оң» гемокультура аурудың жедел кезеңінде - 17,5%, жеделдеу кезеңінде -4,4%, созылмалы кезеңінде –2,7-4,3% жағдайда анықталады (Құрманова К.Б., 1990).
2. Серологялық реакциялар:
А) бруцеллезге қарсы түзелетін антиделерді анықтайтын реакциялар
Райт реакциясы – агглютинация реакциясы, диагностикалық титрі -1:200. Бұл әдістің нәтижесі 7-10 күннен бастап анықталады. Бірақ, соңғы кездерде Райт реакцияның титрлері төмен деңгейде анықталады -1:25, 1:50, 1:100, немесе теріс болып келеді: 3,5% - жедел, 6,8% - жеделдеу, 45,1% - біріншілік-созылмалы, 32,8% - екіншілік-созылмалы бруцеллезде (Құрманова К.Б., 1990).
Хеддльсон реакциясы - агглютинация реакцияның сапалы түрі, әйнек үстінде өткізіледі. Бұл реакцияның сезімталдылығы жоғары, тез пайда болады, ұзаққа сақталады, бірақ спецификалық қасиеті төмен – себебі жиі жалған «оң» нәтиже беруі мүмкін (жүкті әйелдерде, ревматизммен ауыратын адамдарда, криоглобулинемия кезінде және т.б.).