Пастереллез диагнозын анықтау стандарты

Пастереллезге күмәндану Пастереллездің болуы ықтимал Дәлелденген пастереллез
¨Жедел немесе баяу басталатын ауру, келесі клиникалық көріністерімен сипатталған: Жалпы нышандар: қызба, қалтырау, бас ауру, жалпы әлсіздік Жергілікті көріністер: біріншілік терілік аффектің дамуы, регионарлы лимфаденит Эпидемиологиялық мәліметтер: Øауылдық жерде тұру, инкубациялық кезең ұзақтығына сәйкес мерзімде пастерреллез бойынша қолайсыз аймақтарда тұруØ Және ¨келесінің біреуі: Ø малды сою, шикі етті бөлшектеу Øауылшаруашылық жануарлады күту Øәбден өнделмеген етті тағамдарды қабылдау Øүйде иттерді,мысықтарды ұстау, Øмалшаруашылдық өндірістігінде жұмыс істеу ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Және ¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі: Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс; Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс; Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі   ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Және ¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі: Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс; Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс; Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі ØИФА «оң» нәтижесі Ø ПТР «оң» нәтижесі

Емдеуі 2 тактикалық жағдайда жүргізіледі.

1. ИТШ-сыз өтетін пастереллез

2. ИТШ мен өтетін пастереллез

1-ші жағдайда этиотропты препараттарды тағайындайды: цефалоспориндер (цефтриаксон, цефтизоксим, цефамезин, цефазолин, цефалотин), пенициллиндер (пенициллин, ампициллин, карбенициллин), аминогликозидтер (гентамицин, амикацин). 2 препараттың комбинациясы, орташа терапевтикалық дозасында қолданылады. Жергілікті антибактериалді мазьдерді қолдануға болады.

2-ші жағдайда науқасты шоктан шығару керек - тамыр ішіне полиионды ертінділер (хлосоль, трисоль, ацесоль, және дестран ертінділері – полиглюкин, реополиглюкин). Полиионды ертіндердің коллоидты ертінделерге салыстырмасы 2:1- 3:1 болуы керек. Анурия кезінде коллоидты ертінділерді пайдалануға болмайды. Күніне 3-6 л ертінділер енгізіліп, адекватты зәр бөлінуі керек. Анурия кезінде – фуросемид 20-40-80 мг. Науқасты шоктан шығарғаннан соң этиотропты емін бастауға болады – тамыр ішіне цефалоспориндер мен ампициллин, немесе цефалоспориндер мен аминогликозид орташа дозада (3-4 млн ҚБ) енгізіледі. 1 г антибиотиктерге – 1 л сұйықтықтар енгізіледі. Антибиотиктердің курсының ұзақтығы - температура қалыпқа келгенге дейін және қалыпты темепратура кезеңінде 5-7 күн. Преднизолон 3 мг/кг, тәулік дозасы 4-ке бөлініп тамыр арқылы енгізіледі, қысқа курс (1-2 күн) қолданылады, 3 күннен артық қолданғанған жағдайда септикалық асқынулар қалыптасуы мүмкін.ТШҰ-синдромының I,II-ші (гиперкоагуляция) сатыларында гепарин тағайындау керек, ал III-ші (гипокоагуляция) сатысында гепариндді қолдануға болмайды.

Хирургиялық емге тиым салынады, себебі сетикалық асқынулар дамуы мүмкін.

Диспансеризация.

Ауруханадан шыққан науқастар 1 жыл бойы диспансерлік бақылауда тұрады 1,3,6,12 ай сайын.

Алдын алу шаралары.

1. Аурудың көзін жою керек. Үй жануарларын пастереллезге қарсы егу керек. Кеміргіштермен күресу мақсатымен дератизация жүргізіледі. Мал тұратын жерлерде дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізіледі. Ауру малды оңашалап емдеу немесе жою қажет.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу барысында ауру малдың етін және басқа өнімдерін пайдалануға тиым салынады. Шыбын, шіркейлерден қорғану керек. Санитарлы – ағарту жұмыс жүргізу керек. Қауіпті топтарға (ветеринарлар) вакцина егіледі.

БРУЦЕЛЛЕЗ (САРЫП)

Анықтамасы. Бруцеллёз - Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Тақырыптың өзектілігі. Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі - Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан бағамен сату.

1. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балалар.

2. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.

3. Өкінішке орай, дәрігерлердің үлесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын малдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия” пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мәселе.

4. Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Ш. Николь айтуы бойынша: «Бруцеллез – адамға бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат.”

Тарихи мәліметтер. Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген.

Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997).

Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).