Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар

Түйнеменің клиникалық түрі Науқастан алынатын биосубстрат  
терілік түрі көпіршіктердің бөлінділері, жараның түбінен жағынды, қабыршақ астынан жағынды, пункциялық биопсия
өкпелік түрі қақырық, анқаның жағындысы, қан, плевралді сұйықтық
абдоминалді түрі нәжіс, құсық массалары, қан, асциттік сұйықтық  
орофарингеалді түрі қан, анқаның жағындысы, қақырық
менингеалді түрі жұлын сұйықтығы, қан
жайылмалы, септикалық түрлері қан  

 

Емдеуі

I. Этиотропты ем

II. Арнайы серотерапия

III. Патогенетикалық ем

Этиотропты ем. Терілік түрінде ципрофлоксацин, доксициклин, левомицетин, цефтриаксон, нетилмицин, амоксициклин қолданылады. Жергілікті хирургиялық емге тиым салынады. Нитрофуранды мазді қолдануға болады. Процесс жайылмалы түріне ауысса антибиотиктерді тамыр ішіне енгізу қажет.

Арнайы серотерапия. Түйнеме таяқшасының токсинін нейтрализалау үшін түйнемеге қарсы иммуноглобулин енгізіледі: аурудың жеңіл түрінде 20 мл дейін, орташа ауыр түрінде 20-40 мл, ауыр түрінде – 60-80 мл. Курстік дозасы 300-400 мл дейін (септикалық түрінде).

Патогенетикалық ем. Тамыр ішіне кристаллоидты ерітінділерін (дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль) және коллоидты ертінділерін (инфезол, полиглюкин, реополиглюкин) енгізіледі, олардың салыстырмасы 2-3 : 1, көлемі 50-70 мл/кг тәулігіне болу керек.

Шокпен, ТШҰ мен, бүйректің жетіспеушілігімен күресу.

Алдын алу шаралары.

1. Ауырған не өлген малды көмген жердің қоршауы және паспорты болуы керек;

2. Осы ауруға кәсіби байланысты адамдар (малшылар қауымы, ауыл тұрғындары, мал өнімдерін жинайтын, сақтайтын т.б.) мекемелерінің қызметкерлері ауырмас үшін жеке бас гигиенасы мен аурудың алдын алу шараларды орындауы тиіс;

3. Ауру малды, залалданған заттарды кезінде тауып, оны қауіпсіздендіру шараларын алдын ала қолданғаны абзал;

4. Санитарлық-ағарту жұмыстары мейлінше пәрменді жүргізілу керек;

5. Басқа да топырақ арқылы жұғу қауіпі бар жұмыстағы адамдар сақтанып жүргені дұрыс.

6. Жоспар бойынша ауруға қарсы егуге кейбір кәсіби мамандық адамдар жатады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығының көшірмесі «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы»