Туляремияның клиникалы қ т ү рлері

 

Клиникалы қ т ү рлері Ж ұғ у жолдары
бубонды тері, шырышты қабықша арқылы  
жаралы-бубонды тері, көздің шырышты қабықшалары арқылы  
көз-бубонды тері, көздің шырышты қабықшалары арқылы  
ангинозды-бубонды ауыз арқылы  
абдоминалді ауыз арқылы  
өкпелік – бронхит, пневмония тыныс жолдары арқылы  
жайылмалы немесе біріншілік сепсистік кез келген жұғу жолдары

Бубонды т ү рі. Жиілігі10-25%. Біріншеден ауру сезімі байқалады, сосын регионалді лимфаденит пайда болады. Бубондар жалғыз немесе көп, көлемі майда жанғактардан ірі жұмыртқаға дейін болады. Бубон ұлғайғаннан соң ауру сезімі байқалмайды, шеттері анық болып, периаденит аздап дамиды. Бубондардың нәтижесінде қайта сінірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану, склероздану процестері дамиды.

Жаралы-бубонды т ү рі. Бұл аурудың типті түрі. Жиілігі – 45-85%. Трансмиссивті жолмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір бірін алмастырып дақ, папула, көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараның шеттері көтеріліп, түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфангоит, тағы 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады.

К ө з-бубонды т ү рі. Жиілігі – 5%. Конъюнктивада сары түсті көпсанды ұсақ түйіншіктер пайда болады. Эрозивті-жаралы өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Көз аймағында және зақымдалған көзі жағындағы беттің жартысында ісік дамиды. Роговица зақымдалмайды. Регионалді лимфаденит дамиды. Интоксикация нышандары айқын көрінеді: қызба, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі.

Ангинозды-бубонды т ү рі. Тамағында айқын ауыр сезімі байқалып, көмекей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтуға қиыншылық тудырады. Бездердің үстінде қиын алынатын некрозды жабынды дамып, артынан тыртықтанады. Жаралы-некрозды тонзиллит, фарингит дамиды. Көбінесе процесс бір жағынан байқалады. Бубондар жақ астылық, мойындық, қолтық астында пайда болада. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін. Интоксикация нышандары айқын емес, жергілікті көріністерге сәйкес келмейді. Осындай дисбаланс туляремияның ангинозды- бубонды түріне тән.

Абдоминалді т ү рі. Бұл аурудың ауыр түрі. Мезентериалді лимфа түйіндерінің зақымдануының әсерінен іштің оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі «хирургиялық іш» сияқты байқалады. Іш перденің тітіркену белгілері дамуы мүмкін. Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. Ұлғайған лимфа туйіндер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) арқылы анықталады. Интоксикация көріністері айқын болады: жоғары қызба, қалтырау, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетінің төмендеуі. Науқастың іші өтуі мүмкін.

Ө кпелік т ү рі. Жиілігі – 5%. Ауру жедел басталып, қызбамен, ұзақ ағымымен сипатталады. Бронхиалді, медиастиналді, паратрахеалді лимфа түйіндері ұлғаяды.Құрғақ жөтел, кеуде аймағында ауру сезімі, құрғақ сырылдар естіледі. Пневмонияны рентгенография арқылы дәлелдеу қажет, науқастардың 50% өкпеде ошақты инфильтраттар табылады. Әр түрлі асқынулар (бронхоэктаздар, абсцесстер, плеврит, каверналар, гангрена) дамуы мүмкін. Бұл аурудың ауыр түріне жатады. Интоксикация симптомдары айқын көрінеді. Пульс жиілігі температура денгейіне сәйкес келмейді – салыстырмалы брадикардия. Өмірге қауіпті асқынулар дамуы мүмкін: сепсис, менингит, перикардит, медиастинит.

Жайылмалы т ү рі. Ауру сепсис тәрізді өтеді. Айқын интоксикация, жоғары ремиттерлеуші қызба ұзақ уақытқа созылыды. Науқастың есі бұзылуы мүмкін. Полиморфты экссудативті эритемаға ұқсас бөртпе пайда болады. Бөртпе симметриялық түрінде аяқ-қолға, мойынға, кеудеге шығып, оны туляремиялық «қолғап», «шұлық», «жаға», «маска» деп атайды. Бөртпе әуелі қызғылт, сосын қоңырқызыл, соңында көкшіл түсті. Экзантема 8-12 күнге созылады. Кейде бөртпе кеткесін түлеу болады. Гепатолиеналді синдром алғашқы күндерден бастап пайда болады.

Лабораторлы қ диагностикасы.

Шеткі қанда: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлау. Соңынан лейкоцитоз лейкопенияға алмасады, лимфомоноцитоз.

1. Бактериологиялық әдісімен Francisella tularensis бактриясын бөліп алу. Науқастан алынатын материал: жараның бөлінділері, лимфа түйіннің пунктаты, қан, қақырық, анқаның жағындысы.

2. Серологиялық әдістер: АР – 1:100, ТГАР. Жұпты сары су зерттелгенде антиделердің титрі 4 есе жоғарлауы қажет.

3. ПТР

4. Биологиялық әдіс – науқастан алынған патологиялық материалдарды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізеді, олар туляремиядан 3-10 күннен кейін өледі. Өлген жануарлардың лимфа түйіндерінен, бауыр, көк бауыр, қанынан жағынды жасалып, қоректік ортаға себеді.

Емдеуі.

1. Этиотропты ем

Қалайтын препараттар:

Стрептомицин – 0,5х2 рет, өкпелік, жайылмалы түрлерінде 1,0х2 рет бұлшық ет ішіне;

Гентамицин 5мг/кг бұлшық ет ішіне, көк тамыр ішіне;

Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0,1х3 рет, нетромицин, амикоцин

Альтернативті препараттар:

Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын

Ципрофлоксацин 400 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын

Хлорамфеникол (левомицетин) 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайын

Цефалоспориндер

Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыпты температура кезеңі бойы 5-7 күн.

2. Патогенетикалық ем:

- интоксикациямен күресу

- С және В топты витаминдер

- десенсибилизация

- қабынуға қарсы қолданатын препараттар

- жергілікті ем: компресс, майлы танғыштар, солюкс, диатермия, хирургиялық ем.

Болжамы қолайлы. Өлім-жітімділігі – 0,5%.

Алдын алу шаралары:

-табиғи ошақтарды бақылау;

- дератизациялық шаралар;

-вакцина енгізу, тірі туляремиялық вакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек;

- қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығының көшірмесі «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы»