Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану.
Табиғи қорлар және өндіріс.
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне, табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзіі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: « Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз » , — деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық ( территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы.Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану - соңғы уақытта қоғамда жиі талқылана бастаған өзекті мәселенің бірі. Бұл саланың түйткілді тұстары, оны шешу жолдары жақында Қарағандыда болған семинарда талқыланды. Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің бастамасымен өткізілген бұл жиынға аталған агенттіктің төрағасы Қадырхан Отаров, облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Зайролла Дүйсенбеков, агенттікке қарасты мемлекеттік кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиынға сонымен бірге қала, аудан және селолық округтердің әкімдері, әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, агенттіктің аумақтық органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиылды.
- Семинар ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы салаға байланысты қойған міндеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ жер қатынастары, геодезия мен картография мәселелері бойынша заңнамаларды түсіндіру мақсатында өткізіліп отыр, - деді аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Ол Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік пен ел Парламентінің Жер кодексін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқанын атап өтті. Дей тұрғанмен жерді бөлу, оны қайтарып алу мәселелерінде белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызатын тұстар да баршылық. Осыған орай Әбілғазы Құсайынов Жер кодексіне жер телімін саудаға шығармай бөлуге және екінші деңгейдегі сатылып алынған телімдерді қайтарып алуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Елбасы ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сегменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру.
Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған. Оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.
Елімізде, ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.
Біріншісі, мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байланысты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайдаланбаған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпынан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мерзімде жер иесі заңдардың бұзылуын жоймаған жағдайда сот тәртібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.
Жерді пайдаланбауына байланысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайдаланбау мерзімі үш жылға дейін созылады. Бұдан басқа жер құнарлылығының төмендеуіне байланысты оларды алып қою тетігі жер құнарлылығының төмендеуінің көрсеткіштері заңнамалармен белгіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы себепті, агенттік тарапынан Жер кодексіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қазіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пайдаланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.
Сонымен қатар, жер құнарлылығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болып келген “Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми методикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.
Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, болашақта адам әрекетінің сипаты қандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердің салаларын да қамтиды.
Болжамдар бойынша, болашақта отын-энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылады. Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, оларды ұтымды пайдалану тиімді.
Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су қорларын өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде қарастырылуы қажет. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы ортаның құрам бөліктеріне әсері алдын ала жан-жақты ғылыми жағынан болжануы қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерін ескермей, Алматы қаласында ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын нашарлатты.
Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор. Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет. Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор.
В.И.Вернадский «адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес» деген болатын. Табиғи қорлар таусылған күннің өзінде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жанына шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс.