«Энергетика саласының экономикасы және кәсіпкерлік»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Полтехникалық» факультетінің 5В071800- Электроэнергетика
мамандығының 3 және 4 курс білім алушыларына арналған
«Экономика және электрлендіру жүйелерін жобалау» модулінің
«Энергетика саласының экономикасы және кәсіпкерлік»
пәні бойынша оқу бағдарламасы
(силлабус)
Орал 2016 ж.
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
«Экономика және бизнес» «Экономика және бизнес»
факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы
____________ Есенгалиева С.М. ________ Казамбаева А.М. «___» _________ 2016 ж. «___» _________ 2016 ж.
М-16.2 «Экономика және электрлендіру жүйелерін жобалау» модульінің
«Энергетика саласының экономикасы және кәсіпкерлік» пәні бойынша
(таңдау бойынша компонент) оқу бағдарламасы (силлабус)
Құрастырушы: аға оқытушы Мелекова А.Т.
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
«Экономика және бизнес» факультеті, 405-кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) 5В071800-Электрэнергетика мамандығының
оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді
Кредит саны – _______3/5_____________________
ҚР кредиттері / ECTS кредиттері
Кредит саны – 3
Дәріс – 15 сағат
Практикалық – 30 сағат
БАОӨЖ – 25 сағат
БАӨЖ – 65 сағат
Барлығы – 135 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды, «___» _________ 2016 ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Ержанова Ж.К.
1. Пәннің сипаттамасы
Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорында жұмыс істейтін кез-келген менеджер мен кәсіпорын өндірісін басқарудың, өндіріс пен өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау шараларын жүзеге асыр білуі қажет.
1.1. Пәннің пререквизиттері: Экономикалық теория
Пәнді оқудың мақсаты: экономикалық амалдар техникалық есептерді шешуде Электр энергетикасы мамандығы бакалаврының бөлінбес тірегі болуы үшін, студенттердің техникалық және экономикалық дайындықтарының үздіксіз тұтастығын қамтамамсыз ету.
1.2. Міндеттер:
- кәсіпорынның материалдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық жагдайы мен кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері арасындагы байланыстың негізгі сипаттамалары;
- техникалық-экономикалық есептер мен шаруашылық шешімдерді негіздеудің әдістерін иелену;
- анықтамалық, әдеби, практикалық мәліметтердің тәжіриебесін игеру;
- өндірісті ұйымдастыруда мәліметтерді өз еркімен талдауды және жалпылауды үйрену.
1.3. Пәннің қысқаша мазмұны
Экономиканың, өндірісті ұйымдастырудың, жоспарлаудың және басқарудың теориялық негіздерін зерделеу, сондай-ақ кәсіпорындардағы қолданбалы техника-экономикалық және ұйымдастырушы-басқару міндеттерін шешудің практикалық дағдыларын мегеру болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін оқыту негізінде студенттердің экономикалық ойлауын қалыптастыру, нарық жағдайында өндірісті қалыптастыруды, жоспарлауды, өндірістік кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді, кешенді басқаруда қарастыру.
Оқыту нәтижелері:
А (білім және түсіну)
Кәсіпорынның негізгі және ағымдағы қорлары, кәсіпорынның еңбек ресурстарын, өндірістің өзіндік құны, баға белгілеу және энергетика саласындағы тарифтер, энергетикалық жабдықтарды жөндеу және пайдаланудың экономикасын ұйымдастыру, кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздерін, өндіріс кәсіпорындарының энергетикалық шаруашылықтарының жұмыстарын экономикалық жоспарлау, өндіріс кәсіпорындарында энергетикалық шаруашылықтарын экономикалық басқаруларды шешу, Қазақстанның және энергетикалық кәсіпорындарының салық жүйесін, жобалық талдау, энергетикадағы техника-экономикалық есептеулерді білу.