Өзім алып шықсам қайтеді деп ойлады Бүркітбай.
А) Қос нүкте, тырнақша.
В) Қос нүкте.
С) Нүктелі үтір, нүкте.
D) Үтір, сызықша.
Е) Тырнақша, үтір, сызықша.
14. Cөйлемдер арасында қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.
Үйде шешен дауда жоқ.
А) Сызықша.
В) Нүктелі үтір.
С) Үтір, қос нүкте.
D) Қос нүкте.
Е) Үтір, сызықша.
«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға тақырыптың толық ашылуына, мазмұнның меңгерілуіне, ойдың жүйелі айтылуына, жаңа сөздерді қолдана білуіне,лексика-грамматикалық жаттығуларды орындаған кезде қателердің болмауына, берілген мәтінді дұрыс оқығанына және тест тапсырмаларын 80 – 100% орындаған кезде қойылады.
«4» деген баға егер білімгер бағдарламалық материалды толық көлемде меңгеріп, оның ішінен негізгі мағынасын ашып, негізгі фактілерін анықтап бірақ кейбір жаңа сөздерді түсіндіріп бере алмаса, сабақ айтқанда қателер жіберсе, тест тапсырмаларын 70 –80% орындаған кезде қойылады.
«3» деген баға егер білімгер бағдарламалық материалды дәл түсіне алмаса, немесе оны дұрыс түсінбесе, сөйлеу қабілеті нашар болса, сабақ айтқан кезде қате жіберсе, тест тапсырмаларын 50 –65% орындаған кезде қойылады.
«2» деген баға егер білімгер бағдарламалық материалды мүлдем түсінбей сабақ айта алмаған жағдайда, жаттығуларды қате орындаса, тест тапсырмаларын 50 %-дан төмен орындаған кезде қойылады.
Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
1.Ш. Бектуров, А. Бектурова. Қазақ тілі Алматы: Атамұра, 2006
2. М. Шәбжантайқызы. Ана тілім азығым, адастырмас қазығым Көкшетау, 2002
3. Н. Оразақынова, Н. Әмреев, Н. Сапақова. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп , 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі-Алматы: Мектеп 2006
5. Б. Құлмағамбетова, У. Төребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі-Алматы: Мектеп 2007
6. С. Дүйсебаев, Г. Байтілеуова. . Қазақ тілі-Алматы: Мектеп 2007