Мәтіннің үзіндісін орыс тіліне аударыңыздар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
2-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Жұмбақты шешіңіздер.
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
Тұтқасыз есік,
Іргетассыз ғимарат (К ...)
Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек,
Түн болғанда шомылады көлге кеп. (Бұл не?)
3- жаттығу
Мағынасына назар аударыңыздар.
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қастерлеуіміз керек. Әрбір Азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы.
4- жаттығу
Жай, атаулы, толымды, толымсыз сөйлемдердің ара жігін тауып, нүкте қойыңыздар, келесі сөйлемдерді бас әріппен жазыңыздар.
Ол өзін осы мезетте Жөкей көлдің жағасында ойнап жүргендей сезінді таң сәрі айдын көлдің беті толған құс осы шақта барып оның есіне өзінің ұлы бабасы Біржан салдың жалғыз ауыз өлеңі түсті.
Таң бозарды көл айдыны жарқырап бір шеті көкпен тірескендей боп тұр көл беті толған құс топ – топ шоғыр – шоғыр лек – лек аққулар тобының өзі әлденеше.
5- жаттығу
Көп нүктенің қойылу себебін анықтаңыздар.
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлде қайда бөлек. Күндізгі әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер ..... Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанымен, осы адамдар арасы соншалық кереқар. Тіпті дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез.... Бәрі бір орынға жиналып, ынтымақпен бір арадан бір арадан табылса нетер еді?...
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де..... және тіпті өз ойы сиақты көрінеді. Анығында: «ақыл, қайрат....» «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған нақыл әңгімесі бар-ды. Қазір Абай соны өмірден тапқанына да дән ырза..... Өз ақылымен тапты...... Тапты да: «Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде юолмаққа лазым..... деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады (М. Әуезов).
6- жаттығу
Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
Ұлы ақын, мінезі жұмсақ, тілге бай, көркемсөз шебері, сауатын ашу, сабырлы адам.
7- жаттығу Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама- қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазыңыздар.
Жел саябырлаған сияқты............ Теңіз тынышталды............... Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен............. Бұрын бай еді............. Көп балалы үйдің шаң – шұңы көп болушы еді,................ Жаз ортасы болып қалды.................... .
ТЕСТ.
1. Қандай тыныс белгісі қойылмағанын анықтаңыз.
Сағат 3 терде жиналамыз.
А) Сызықша.
В) Тырнақша.
С) Дефис.
D) Нүкте.
Е) Жақша.
2.Лепті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жиынға қанша адам келеді
В) Сабаққа дайындалу
С) Ол ұйықтап жатыр еді
D) Далам неткен тамаша
Е) Олар көл жағасына кетті
3. Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
А) Алым- салық жинады.
В) Сәбит - жазушы
С) Дүние үшін талас.
D)Төрт – бес ат.
Е) Аман – есен жету.
4. Қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсетіңіз.
Тұрайын деп еді тұра алмады.
А) Көп нүкте, үтір.
В) Нүктелі үтір.
С) Үтір, көп нүкте.
D) Үтір, сызықша.
Е) Сызықша, қос нүкте.
5. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Фото(көрме).
В) Шаң(сорғыш).
С) Қонақ(жай).
D) Қыз(келіншек).
Е) Алты(бақан).
6. Cұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Туысыма келіп кеттім
В) Сен барамысың
С) Сол кездері жоқ болдың
D) Ол үшін жазалама
Е) Ауа қандай керемет
7. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Кімде –кім жеңіл еңбекке үйренсе, ол жалқау болады кімде –кім жалқау болса, ол –өмірінде оңбайды.
А) Үтір.
В) Қос нүкте.
С) Нүктелі үтір.
D) Көп нүкте.
Е) Нүкте.
8. Қос сөздің тыныс белгісін көрсетіңіз.
А) Қос нүкте.
В) Дефис.
С) Сызықша.
D) Үтір.
Е) Нүктелі үтір.
9. Хабарлы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.
А) Бұйыру мақсатымен айтылған сөйлем.
В) Баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.
С) Айтқанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады.
D) Бір нәрсе жайында білу мақсатында айтылған сөйлем.
Е) Тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
10. Бастауыш – тұйық етістік, баяндауыш – зат есім сөзден болғанда қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
А) Дефис.
В) Нүкте.
С) Үтір.
D) Сызықша.
Е) Нүктелі үтір.
11.Көп нүктеніңқойылатын жерін көрсетіңіз.
А) Қысқартылған сөзден кейін.
В) Бастауыш пен баяндауышарасына.
С) Ой санамалап айтылса.
D) Бірыңғай мүшелер арасына.
Е) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
12. Жай сөйлемдер арасына қажетті тыныс белгісін қойыңыз.
Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырады бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
А) Нүктелі үтір.
В) Үтір.
С) Үтір, сызықша.
D) Қос нүкте.
Е) Сызықша.
13. Cөйлемге қажетті тыныс белгіні табыңыз.