Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат - пайдаланушы» жүйесі бар, мақсаты – библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады. Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығын атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Библиография күндері, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады. Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізі іспеттес.
Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.
Қызмет көрсету процесін ұйымдастыру барысында орындалатын бірнеше кезеңдер ретін ерекшелеуге болады:
- пайдаланушыларды зерделеу;
- қызмет көрсету ережелері мен түрін таңдау;
- қызмет көрсетуде пайдаланылуы мүмкін ақпарат ресурстарын талдау;
- ақпараттық ресурстарда навигация құралдарының тиімділігін талдау;
- ақпараттық өнімді (немесе сатып алу) әзірлеу;
- қызмет көрсету тиімділігін зерттеу.
Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен.
Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналдар мен газеттер жатады.
1- жаттығу