Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Дәрумендер тепе-теңдігі бұзылуынан, теріде әртүрлі патологиялық аурулар пайда болады. Дәрумендер терінің қалыпты тіршілік әрекетінде зор маңызы бар. А дәрумені жетіспегенде болатын тері ауруларының патологиялық белгілері: терінің құрғақтығы, май және тер бөлінуінің төмендеуі, Бұл жағдайда А дәруменін тәулігіне 2-3 рет ішу керек.

2- жаттығу

Қазақ тіліне аударыңыздар.

Он оделся так, словно на улице холодно. Он ест так, как будто голоден. Они хвастаются, как будто много знают. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом. Ермек говорит так тихо , что мы его не слышим. Я, включив телевизор, смотрю интересный фильм. Он, встав рано утром, умылся. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше.

 

3- жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

4 жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

 

Лекарствам из овса издавна припысывали магические свойства, главное из которых-духовное изцеление человека, исправление психики. Содержащийся в овсе витамин Е повышает потенцию, борется с ревматизмом, диабетом, атеросклерозом, болезнями печени, почек, циститом, бессоницей. Овес укрепляет иммуную систему, помогает справляться с детским диатезом.

 

 

6- жаттығу

Өлеңді жатқа жазыңыздар. «Адал өмірсүр» дегенді қалай түсінесіздер.

Амандасудың бірнеше түріне мысал келтіріп, жазыңыздар

Барлық жанға жолыққын

Амандасып жүргейсің.

Амандықты ту етіп,

Адал өмір сүргейсің.

 

7- жаттығу

Өсиет сөздерді көшіріп жазып, естеріңізде сақтаңыздар.

Ата- анаңды, ұстазыңды құрметте. Әр ісіңді ересектермен ақылдасып істе. Біреуге қатты сөйлеме. Басқаның сөзіне құлақ қой. Біреуді сыртынан жамандама. Біреумен жағаласып сөйлеме. Уәдеңде тұр. Отаныңды сүй. Шын сөзге әзіл араластырып айтпа. Біреуді біреудің алдында ұялтпа.