3.Тырнақшаға мысал келтіріңіздер.

4.Жақшаға мысал келтіріңіздер.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Сөйлеу мәдениетін;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

 

Үйге тапсырма беру:

Мәтіннің мазмұнын айту. 6 сөйлем жазып келу

Сөйлеу мәдениеті

 

 

Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты-дұрыс сөйлей білу.

Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген-түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді , емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады.

Біздің қазақ «Аталы сөз-баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы-халықтық проблема. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу-азаматтығымыздың ең шынайы түрі.(Ғ. М.)