Сабақтың тақырыбы:Тырнақша , жақша.
Райымбек батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Қос нүкте мен нүктелі үтір дегеніміз не?
2. Қос нүкте мен нүктелі үтір не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Тырнақша мен жақша қойылатын орнын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орыс тіліне аудару Тырнақша мен жақшаға арналған 6 сөйлем жазу.
\
Тырнақша
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Дәйексөз тырнақшаға алынады | «Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті. |
2 | Төл сөз тырнақшаға алынады | Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?». |
3 | Мақал –мәтел,афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады | «Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен. |
4 | Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады | Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар. |
5 | Біреудің айтқанынан алынған жеке –жеке сөздер тырнақшаға алынады | Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. |
6 | «Де» дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады | «Сабаққа бармаймын»-ды қой. |
7 | Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады | «Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремшз бе? |
8 | Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады | «А» - жуан дауысты дыбыс. |
9 | Ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынады | «Шың-кітап» баспасы. «Ана тілі» газеті. «Абай жолы» романы. |
Жақша
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады. | Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді. |
2 | Цитатаның авторы жақшаға алынады. | Болмасаң да ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай). |
3 | Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады. | Нұрхан(көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың. |
Райымбек батыр
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры-Райымбек. Ұлы жүздің Албан тайпасы, Алжан руының Сырымбет атасынан тарайды. Атасы Хангелді батыр 1733 жылы ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай батыр және Бөлек батырмен бірге орыс патшасы Анна Ивановнаға (1730-1740) елші жіберген.
Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетті. Сол кезден бастап батыр атанды. Торайғыр мен Сөгеті туының аралығындағы кең жазықта (Алматы-Нарынқол жолы, 167 км) жоңғарлармен соғысқан жері Ойрантөбе деп аталады. Торайғыр тауының Айырлы суынан 6км жерде Райымбек бастауы бар.
Райымбек батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойкелді, Қонакелді, Малай, Есен, Байсейіт т.б. батырлар бірге күрескен.
Райымбек: «Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы мекенім – Алматының басы» деп айтыпты деген сөз қалған
1- жаттығу
Мәтінге тиісті тыныс бергілерін қойыңыздар.
1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас сіріңке қара арықша бір жігіт бар редакцияға келді. Әлгі жігітті Сарыағаштық Төлеген Айбергенов деп таныстырды.
Төлегенге
Бір өлең оқып жіберші деп өтініш білдірді.
Төлеген орнынан тұрып, Әнші Ғарекеңе деген ұзақ өлеңін оқыды. Менің таң қалғаным өз өлеңін жатқа орындаған ақынды алғаш реткөруім.
2- жаттығу
Мына мәтіннің үзіндісінің қай сөйлемдерінде жақша және тырнақша қойылған? Сол сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетті. Сол кезден бастап батыр атанды. Торайғыр мен Сөгеті туының аралығындағы кең жазықта Алматы-Нарынқол жолы, 167 км жоңғарлармен соғысқан жері Ойрантөбе деп аталады. Торайғыр тауының Айырлы суынан 6км жерде Райымбек бастауы бар.
Райымбек батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойкелді, Қонакелді, Малай, Есен, Байсейіт т.б. батырлар бірге күрескен.
Райымбек: Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы мекенім – Алматының басы деп айтыпты деген сөз қалған.
3- жаттығу
Сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Ағзадағы көптеген синтездеу және ыдырау ... қатысады. Қандағы глюкоза мөлшері ... жағдайда, орталық жүйке жүйесінің қызметі ... . Өнеркәсіпте глюкозаны крахмалды ... арқылы алады. Глюкоза тағам ... және медицина саласында кең қолданылады. Медицинада глюкозаны ..., ... және ... түрінде пайдаланады.
4- жаттығу
Қарамен терілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
1. Ата-ананың ақ тілегі тозбасын.
2. Дұшпаныңа айбарлы, досыңа паналы бол.
3. Той-тойға ұлассын!
Бақыт балаға ұлассын!
4. Қайғыны әзілге жеңдір,
Зілді сөзге жеңдір.
5 - жаттығу
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті.Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?».«Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар.Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. «Сабаққа бармаймын»-ды қой.«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремшз бе?
«Шың-кітап» баспасы. «Ана тілі» газеті. «Абай жолы» романы.Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
(Абай).
6- жаттығу
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, орысша баламасын табыңыздар.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.
Сақтықта қорлық жоқ.
Сақтанғанды құдай сақтайды.
Темірді қызған кезде соқ.
7- жаттығу
Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.
Ақ қыс,қағаз,аққу- ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппқ дейін ақ дейін.
Ақ емес, бірақ ақтиін
Қара қарға,
Қар ақ....
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ,
Тал ақ,
Тағы не ақ?
Санап,
Жаңылысты Қанат.