Сабақтың тақырыбы:Қос нүкте . Нүктелі үтір.
Жанқожа батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сызықша дегеніміз не?
2. Сызықша не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Қос нүкте мен нүктелі үтірдің қойылатын орнын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. 6 сөйлем жазып келу.
Қос нүкте
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін | Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанав пен Қалиева. |
2 | Жалғаулықсыз себеп- салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін | Оларды жазықсыздан – жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес. |
3 | Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады | Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі – оны түсінетін адамның жоқтығы. |
4 | Төл сөздің алдында қойылады | Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші! – деді. |
Нүктелі үтір
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады | Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет- ғұрыптық қағидалар қамтылған: 1. Мүлік заңы; 2. Қылмыс заңы т. Б |
2 | өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына | Ұл мен қыздың қызығы- Тілі анық шыққанша; Мергендіктің қызығы – Көздеген аңын атқанша; |
3 | Сөздікте сөздіктердің түсініктемесінен кейін | Майе. Араб. 1. ағатын, сұйық ; 2. сұйықтық ; Парсы. 1. сұйық , ағатын; 2. сұйықтық ; |
Жанқожа батыр
Жау жүрек те аңқау, дана да, шешен Жанқожа «Ақтабан шұбырындыны» басынан кешірді.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы 1774 жылы, Қызылорда обылысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылында дүниеге келді.
Нұрмұхаммед те, әкесі Киікбай да асқан батыр, өткір тілді кесілер болған. Әбілхайыр хан тұсында әрі батыр, әрі би атанған. Ал Жанқожа жас кезінен мінезі тұйық болып өседі. Бірақ түрі сұсты, жанарынан жалын атып тұрады.
...Кең кеудеде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,
Жауырыны еніменен теңдес келген ...
Жұмырлау жолбарыстың жотасындай,
Шығыңқы құлақ жағы, жуан мұрын.
Айбатты жан көрінерарыстандай,
Алдынан не келседе қайтпайтұғын,
Шұбар көз айға шапқан қабыландай
Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,
Жауатын күннің бұлтындай...
ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария т.б. жерлерден өтіп, шабуыл жасаған. Жанқожа екі-үш мыңдай әскермен Ақирек, Атанбас жерлеріне дейін барып, жаумен қарсы күресті. 40 жылдарда Сыр бойында жауға қарсы тұрып, батылдық көрсетті.
1839 жылы Сырдың сол жағасынан 14 шақырым жерде (қазіргі – Өркендеу ауылы) бекініс салды.
Хиуа хандығы сан сәтсіздіктерге қарамай, жанталасып бақты.Әйтсе де 1847 жылы алғаш келген орыс отрядымен бірігіп, Арал бекінісінде Райым портын салды.
Орыстармен бұлай бірігу хиуалықтардың ашуын келтіреді.
СӨЗДІК
Бекініс-крепость
Сәтсіздік-неудача
Мінез- характер
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария т.б. жерлерден өтіп, шабуыл жасаған. Жанқожа екі-үш мыңдай әскермен Ақирек, Атанбас жерлеріне дейін барып, жаумен қарсы күресті. 40 жылдарда Сыр бойында жауға қарсы тұрып, бтылдық көрсетті.
1839 жылы Сырдың сол жағасынан 14 шақырым жерде (қазіргі – Өркендеу ауылы) бекініс салды.
Хиуа хандығы сан сәтсіздіктерге қарамай, жанталасып бақты.Әйтсе де 1847 жылы алғаш келген орыс отрядымен бірігіп, Арал бекінісінде Райым портын салды.
2- жаттығу
Сөйлемдерге тиісті нүктелі үтір және нүктелі үтір қойыңыздар.
Жиналыста сөз сөйлегендер Асанав пен Қалиева.Оларды жазықсыздан – жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі – оны түсінетін адамның жоқтығы.Сағит ең алдымен Ботагөзге
Сүйінші! – деді.Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет- ғұрыптық қағидалар қамтылған
1. Мүлік заңы
Қылмыс заңы т. Б
Ұл мен қыздың қызығы-
Тілі анық шыққанша
Мергендіктің қызығы –
Көздеген аңын атқанша
3- жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Мен Санкт-Петербург қаласына сапар шектім. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Алматыдан Санкт-Петербургке алдын-ала бару, қайту билеттерін әуе кассасынан алу керек. Жеңіл машинаға отырып, орталық әуе кассасына келдім. Анықтама орнынан: Санкт-Петербургке қандай ұшақ ұшады, қашан және қанша сағат ұшады, ұшақ жолда қона ма? –деп сұрадым. Отызыншы рейске билет алдым. Ұшақ орталық әуежайдан ұшуы тиіс. Ұшақ ертеңіне кешкі сағат он сегізде ұшуы керек.
4- жаттығу
Нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.
1.Шақырмаған жерге барма. 2. Базарда кездейсоқ кездескенге сенбе. 3. Басыңа пайдасыз жұмыспен шұғылданба. 4. Танысыңның сыртынан әңгіме айтпа. 5. Аманатқа қиянат жасама.
5- жаттығу
Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.
Салт-дәстүрін ел бұзбас,
Әуелгі сертін ер бұзбас.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Ел алғысын алсаң елеулі боласың.
Азат басың болсын құл.
Қолдан келмес іске ұмтыл.
(Абай)
6- жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, нүктелі үтірдің қойылуына назар аударыңыздар.
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Бірінші көкіректі байлаулы, берік болмақ керек; екінші, сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек; көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек;