Диалогты орыс тіліне аударыңыздар.

-Алматының қай орта кәсіптік оқу орнында оқисыз?

-Коммерциялық колледжінде.

-Нешінші курсында?

-Екінші курсында.

-Ол оқу жылы қай жылы құрылған?

-1950 жылы. 1992 жылы коммерциялық колледж болды.

-Оқу орны қай жерде орналасқан?

-Алматы қаласы. Манас көшесі, 10 үйде.

4- жаттығу

Қазақ тілінде өз колледждеріңіз туралы диалог құрыңыздар.

5- жаттығу

Мына сөйлемдерден сызықшасы бар сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар, сызықшаның қалай қойылғанын айтыңыздар.

Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі, ұстазы болған тіл. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл болып табылады.

Ал орыс тілі біздің республикамыздың ұлтаралық қатынас тілі болып отыр.

6- жаттығу

Мақалдың мағынасын ажыратыңыздар, жаттаңыздар. Сызықшаға көңіл аударыңыздар.

Мектеп – кеме, білім - теңіз.

Білімді – ашық күн,

Надан – қараңғы түн.

Күш – білімде, білім – кітапта

Кітап – алтын қазына.

7- жаттығу

Керекті сөздерді пайдаланып, сұхбатты толтырыңыздар.

- Cенің бос уақытың көп пе?

-....(көп, онша көп емес, аз, мүлде жоқ, күніне екі сағаттай, аптаның соңында ғана).

-Оқудан тыс уақытта немен айналысасың?

-.....(музыка, сурет,шет тілін оқу, спорт секциясы, биге, домбыраға, қобыз, фортепьяно, гитара ойнау, тарту, үйрену).

-Сен немен шұғылданғанды ұнатасың?

-.....(марка, тиын, значок жинау, іс тігу, тоқыма тоқу, сурет салу, фотоға түсіру, гүл өсіру).

-Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?

-.....(иә, жоқ, рок, эстрада, классикалық).