Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр (1690-1775) – Абылай заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол кездегі қазақ жауынгерлердің үлкен ағасы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап, «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп кеткен.
Шыққан ортасы – Ереймен тауы мен Сілеті өзенінің арасын қоныстайтын Арғын ішіндегі Қанжығалы руы. Бөгенбай Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауидің күмбезінде жерленген. Бөгенбайдың ұлы атасы – Әлдекүн, өз әкесі Ақша, анасы – Баяу. Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болған. Тұраналыдан Балпаң би, одан Саққұлақ би туған. Бөгенбайды халық ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. XVIII ғасырдың I жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай үлкен ерлік көрсетті. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастырға кірді.
Оның даңқы әсіресе, құба қалмақпен (жоңғар), кейін Қытай әскерімен соғысқанда ерекше дәуірленді. 1725-1727 жылдары қазақ жұртының астанасы – Түркістан қаласын қорғауда қайрат көрсеткен Абылаймен бірге қазақ жасақтарын соғысқа бастады. Сөйтіп Түркістан мен Саураннан жоңғарларды қуып шығып Жоңғар Алатауынан асыра бөксерді. 1756-1758 жылдары бірінші рет Шығыс Түркістанға келген Қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Қытай әскеріне қатты соққа беріп, оларды Үрімшіден асыра қуды. Бөгенбайдың соңғы үлкен жорығының бірі 1750 жылдары болған.
Бөгенбай – ақыл-ой иесі де болған адам. Ол елшілік қызметін атқарып, 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласына еріп, бітім туралы Қытайға барған.
Ол Қазақстанның Ресейге қосылуына үлкен еңбек сіңірген.
(Қазақ Энциклопедиясы)
СӨЗДІК
Батыр-герой
Ғасыр-век
Астана-столица
Қызмет-служба
Қолбасы-полкаводец
1- жаттығу
Мәтіндегі сызықшасы бар сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
Шыққан ортасы – Ереймен тауы мен Сілеті өзенінің арасын қоныстайтын Арғын ішіндегі Қанжығалы руы. Бөгенбай Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауидің күмбезінде жерленген. Бөгенбайдың ұлы атасы – Әлдекүн, өз әкесі Ақша, анасы – Баяу. Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болған. Тұраналыдан Балпаң би, одан Саққұлақ би туған. Бөгенбайды халық ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. XVIII ғасырдың I жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай үлкен ерлік көрсетті. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастырға кірді.
2- жаттығу
Мына нақыл сөздерді жаттап алыңыздар және сызықшаның қалай қойылғанын анықтаңыздар.
Көре-көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Өнерлі лала сүйкімді.
Білім таппай мақтанба,
Орын таппй баптанба.
Ұстаздан шәкірт озар.
3- жаттығу