Сабақтың тақырыбы: Сызықша.
Бөгенбай батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі: Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Үтір дегеніміз не?
2. Үтір не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Сызықша не үшін қолданылатынын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. Сызықшалы сөйлемге 5 сөйлем жазу.
Сызықша
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Бірыңғай сөздерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан | Мен, Әсет, Самат – үшеуіміз доспыз. |
2 | Жалпылауыш сөзбен келген біріңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе | Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды. |
3 | Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан | Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды. |
4 | Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонща, соншалық сөздерінен болса | Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады. |
5 | Жалғаулықсыз қарсылықты салалас | Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын. |
6 | Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе, | Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. |
7 | мақал – мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста | Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. |
8 | Мақал- мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда | Асыл – тастан, ақыл – жастан. |
9 | Төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады. | - Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті. |
10 | Жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады. | Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды. |