Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар

Ол жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Соғыста бас қолбасшы, бас сардардың міндетін атқарып, жеңістерге жеткендіктен, Абылай хан оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген.

Әруақты бабамыз Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты – Ерасыл екен. Одан соң алып денесіне қарап «Нарбала» атаныпты. Ал ата, әке жолын ұстап, жауға тие бастаған сәттерінде ерлігіне, батырлығына орай ел оны «Ізбасар» атайды

1724 жылы Түркістанда алғаш жасақ құрып, ерлік көрсеткенде «Қаракерей Қабанбай» атанады.

 

2-жаттығу

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазыңыздар.

 

3- жаттығу

Көшіріп жазып, үтірлердің қойылуына зер салыңыздар. И, у, я, ю әрпі бар сөздерді транскрипциялап, дыбыс саны мен әріп санын салыстырыңыздар. Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтаңдар.

Жаз айының әр күні – әр қилы, әрқайсысының өзі салған кестесі, бояуы, өз танысы бар, бір – біріне ұқсамайды, бірде аспан алыстап мұнарлана көрінсе, бірде қол созсаң, жететіндей, жап – жақын, ніл қара көк бояумен төбеңде шатырдай дөңгеленеді. Тебірене сезінген жүрек қана зейінде сақтап қаларлық сурет.

4- жаттығу

Мәтіндегі сөйлемдердің тиісті жеріне үтір дұрыс қойып шығыңыздар.

Ана тілі-бұл әкеңнің анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Орыс халқының ана тілі-орыс тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін кішкентай кезінен әке-шешесінен әжесінен үйренеді. Кейде өскен ортасы да әсер етеді.

5- жаттығу

Мәтіндегі сөйлемдердің тиісті жеріне үтір дұрыс қойып шығыңыздар.

Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң шөп арасынан сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт- жылт етіп біресе қызыл біресе сары біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң үшкір жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары болып шығады.

Сол жапырақтардың астары – бейне бір түкті барқыт. Бетінде мөлдір тамшылар домаласа да жапыраққа су жұқпайды.

 

6- жаттығу

Өлеңді жаттап, үтір қойылған жерлерге назар аударыңыздар.

Киелі сөздер

Сенбесең де, сенсең де,

Оң, солынан келсең де.

Өзгермейтін мәні бар

Бұл сөздерді танып ал:

Нұр себетін санаға

Ата, апа, ана, аға....

Өміріңнің өзегі-

Нан да ғажап сөз екен.

Болмаса ауа қайтер ек,

Солып шөп, гүл, бәйтерек

Құс ұша алмай шарқ ұрып,

Тұрар еді алқынып.

 

Қазақ сөзі- киелі,

Оны жаным сүйеді. З. Жұманова

 

 

7- жаттығу

Жаңылтпашты жаттаңыздар.

Тентек қаңбақты

Жантақ жайратты.

Жантақ кетті қашып.

Қаңбақ қалды сасып.