Қабанбай батыр
Қаракерей Қабанбай батыр қазақ тарихының санасына аса қасиетті, сындарлы шақта көтерілді. Ол сонау Аякөз бен Алқа көл арасындағы кіндік кесті жерінен сол кездегі астанамыз Түркістанға жетті. Қашып кеткен сол кездегі Абылай ханның соңында шұбырып қалған жұрттың басын қосып, алғашқы жасағын құрды.
Жоңғарларға қарсы күрестегі Қабанбай батырдың ерекше орны мына жайлардан да көрінеді.
1724 жылы – Түркістан қаласын қорғау шайқасы,
1725 жылы әйгілі Алакөл шайқасы,
1728 жылы Бұланты өзенінің бойындаңғы шайқас, Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістер, сексен күн созылған Шора соғысы, бір жарым жылға созылған Шаған шайқасы
1730 жылы – жоңғарларды Іле өңіріне дейін қуып келу.
1750 жылы- жоңғар қақпасындағы соңғы жеңіс.
Ол жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Соғыста бас қолбасшы, бас сардардың міндетін атқарып, жеңістерге жеткендіктен, Абылай хан оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген.
Әруақты бабамыз Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты – Ерасыл екен. Одан соң алып денесіне қарап «Нарбала» атаныпты. Ал ата, әке жолын ұстап, жауға тие бастаған сәттерінде ерлігіне, батырлығына орай ел оны «Ізбасар» атайды
1724 жылы Түркістанда алғаш жасақ құрып, ерлік көрсеткенде «Қаракерей Қабанбай» атанады.
СӨЗДІК
Көл-озеро
Шайқас-битва
Өзен-река
Жеңіс-победа
Жұрт-народь
1- жаттығу