1. Сұрау белгісі не үшін қойылады?

2. Леп белгісі не үшін қойылады?

3. Сұрау белгісіне мысал келтіріңіздер.

4.Леп белгісіне мысал келтіріңіздер.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Үтір қолданылатынын ;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

 

Үйге тапсырма беру:

Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Үтірлі сөйлемге 6 сөйлем құрастырып келу.

 

Үтір

 

 

Сөйлемдерге мағына беруге және сөз бен сөйлемдердің арасын ажыратуға арналған белгіні үтір деп атайды.

 

  Қойылатын орны Мысалы
1 Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде Қайрат, ақыл, жүрек- үшеуі ғылымға жүгініпті
2 Бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.
3 Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне Мен, Әсетов Омархан, осы істі мойындаймын.
4 Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасында Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.
5 Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады. - Жеңеше, - деді кеткрінде, - кірпіш тауып қойыңыз.
6 Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел. Қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады. Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.