Мына абзацтан лепті сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.

-Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңызға қалармын. Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз соны қайтарсын, соған разы болыңыздар! – деді.

 

2- жаттығу

Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

3- жаттығу

Мәтінді оқып, сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Сұрақтың мағынасын айқындаңыздар. Мәтін идеясын ашыңыздар.

 

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің асылын жазатайым іс етіп, күштелерге күш етіп, еркінен айырылған , шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?

 

4- жаттығу

Берілген сөйлемдерден қуанышты, өкінішті білдіретін сөздерді алып тастап жазыңыздар. Енді қандай тыныс белгісі қойылады?

1. Ақ төсінен кербез керілген мойындары неткен сұлу еді!

2. Бәлі, мына сәттілікті қараңыз!

3. " Жасылкөл " деп қалай тауып атаған!

4. Пай, пай! Жаннат қой,мына жер жаннат!

5. Айнадай жалтыраған айдын көлге ақ төсін төсеген қос аққу қалай жарасады!

5- жаттығу

Мәтінді оқып, сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Сұрақтың мағынасын айқындаңыздар. Мәтін идеясын ашыңыздар.

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің асылын жазатайым іс етіп, күштелерге күш етіп, еркінен айырылған , шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?

 

6-жаттығу

Сұраулы және лепті сөйлемдерді ажыратып, жасалу жолдарын айтыңыздар.

Мынау - өзен. Өзен бойындағы ел қайда Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді Жиегінде жол жатыр ғой... Ойбай- ау, жақын жердегі ел шаттығы орыстардан босып кеткен екен ғой Маңайды жын ұрғандай қылды ғой Мал- жанда билік қалды ма Талай қызы мен сиақты соры қайнады ғой Бірақ тап мендей болғаны жоқ шығар Қостарына әкелген әйелі көрінбеді ғой Әлде өлтіріп тастап жүрді ме Олар неғып қайтпайды Әлде бірдеңеге ұшырады ма

7- жаттығу

Тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазыңыздар.

Біздің Отан...... – Қазақстан Республикас.

Біз өз Отанымыз..... сүйеміз, мақтан етеміз.

Қазақстан аума...... 2,7- миллион шаршы шақырымдай.

Шекарамыз солтүстігінде Ресей......, шығысында Қытай..... шектеседі.