Сабақтың тақырыбы:Сұрау белгісі, леп белгісі.
Әйтеке Бәйбекұлы
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Нүкте, көп нүкте дегеніміз не?
2. Нүкте не үшін қойылады?
3. Көп нүкте не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Сұрау белгісі не үшін қолданылатынын ;
- Леп белгісі не үшін қолданылатынын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Сұраулы сөйлемге 6 сөйлем жазу. Лепті сөйлемге 6 сөйлем жазу.
Сұрау белгісі
Сөйлемдерге мағына беруге арналған белгілерді сұрау және леп белгілері деп атайды.
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Сұраулы сөйлемнен кейін | Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады? |
2 | Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады | «....Пысық деген ат(?) шықты»- деген тармақ 1909 жылғы кітапта «...Пысық деген ант шықты», - деп жарияланған. |
Леп белгісі.
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін | Шіркін, қандай керемет! Тарт қолыңды! |
2 | Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін | Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп. |
3 | Ұранды сөйлемнен кейін | Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным! |
4 | Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерінен кейін | - Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін!Қолымнан келгені осы. |
5 | Көтеріңкі дауыспен «жоқ», «иә» деген сөздерден кейін | - Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! |
6 | Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін | - Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады. |
Әйтеке Бәйбекұлы
Артында аталы сөз қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың шешендерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның кеңксшілерінің бірі болған.
Әйтеке - шешендігімен бірге ел басқарған , заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысуға атсалысқан қоғам қайраткері.
Бір аңызда Төле би мен Қазыбек би ертеректе бір кісінің құнын даулап, Кіші жүзге келеді. Дау бірнеше күнге созылып, бір келісімге келе алмайды.Сонда есік жақта отырған жігіт:
Асқар тау сенде бір мін бар – асу бермейсің,
Тасқан су сенде бір мін бар - өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің! – деп тұрып кетеді.
- Шақыршы, анау қара жігітті,- деді Қазыбек. Жігітті шақырып келген соң:
- Шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім? – деді билер.
- Әкемді сұрасаң – жетесіз,
Шешемді сұрасаң – некесіз.
Туа салғанбір баламын
Тегімді сұрап не етесіз?- деді.
- Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып, осы дауға өзің ие бола ғой! – дейді Төле би.
Сонда қара жігіт түрегеліп тұрып:
- Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңызға қалармын. Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз соны қайтарсын, соған разы болыңыздар! – деді.
1- жаттығу