Қаз дауысты Қазыбек би.
Қазыбек Келдібекұлы – 18 жасынан бастап, қазақ елі басынан кешірген тағдыр тауқыметінің куәгері. Ол – Орта жүздің биі, шешендік өнерде маңдайалды ірі тұлға. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын жасаушылардың бірі.
Ол – қазақ халқының біртұтас мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Қазыбек қазақ хандарының ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт түрде реттеуді жақтаған парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
Қаз дауысты Қазыбек – асқан шешен, ақын, дау- жанжалды шешкен әділ қазы, халық- аралық дәрежедегі елші.
Бидің сүйегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек, Қазыбектің әкесі Келдібек, атасы Абыз атанған Шаншар, бабасы – Бұлбұл, шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған біліктілер болған. Ал Қазыбекке Тәуке Абылай тәрізді хандар даналығына бас иіп отырған. Халық аңызы оның дауысы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен, сондықтан «Қаз дауысты Қазыбек» атанған.
« Қазақтың салт- дәстүрі»
1- жаттығу
Жай, атаулы, толымды, толымсыз сөйлемдердің ара жігін тауып, нүкте қойыңыздар, келесі сөйлемдерді бас әріппен жазыңыздар.
Ол өзін осы мезетте Жөкей көлдің жағасында ойнап жүргендей сезінді таң сәрі айдын көлдің беті толған құс осы шақта барып оның есіне өзінің ұлы бабасы Біржан салдың жалғыз ауыз өлеңі түсті.
Таң бозарды көл айдыны жарқырап бір шеті көкпен тірескендей боп тұр көл беті толған құс топ – топ шоғыр – шоғыр лек – лек аққулар тобының өзі әлденеше.
2- жаттығу
Көп нүктенің қойылу себебін анықтаңыздар.
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлде қайда бөлек. Күндізгі әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер ..... Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанымен, осы адамдар арасы соншалық кереқар. Тіпті дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез.... Бәрі бір орынға жиналып, ынтымақпен бір арадан бір арадан табылса нетер еді?...
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де..... және тіпті өз ойы сиақты көрінеді. Анығында: «ақыл, қайрат....» «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған нақыл әңгімесі бар-ды. Қазір Абай соны өмірден тапқанына да дән ырза..... Өз ақылымен тапты...... Тапты да: «Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде юолмаққа лазым..... деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады (М. Әуезов).
3- жаттығу
Мәтінді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Тұрақты тіркестерді табыңыздар.
-Ау, Жәке, аттарды тынықтырып, суарып, таң асырып дегендей... . -Жарайды, осы маңда ауыл бар ма, ана шеттегі жуан қайыңның біріне шығып, жан – жаққа көз салыңдар. От көрінер ме екен? Ұмытпасам, мына оң жақ өкпе тұста қаңжығалылардың бір – екі ауылы болатын...
Бес шақырымдай жерде он шақты үйлі ауыл бар екен...
Жігіттер оннан, бестен бөлініп, жайлауға шыға алмай, ауыл төңірегінің отымен отыратын шағын елдің жеркепелеріне түнеп шықты.
( С. Жүнісов )
4- жаттығу
Сөйлемдердің қандай сөйлем екенін анықтап, тыныс белгілерін қойып, дұрыстап жазыңыздар.
Күн кешкіріп кетті сондықтан амалсыз қонуға тура келді ауылдан Бүгін Сәкен келеді немесе Мәкен келеді жазғытұрым болды да саяжайда қызу еңбек басталып кетті.
5- жаттығу
Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Алма бағы, автокөлік бекеті, ауа-райы суық, айдынның беті, қазақ өнері, шалғайдағы ауыл, таудың бөктері, көк базар, күннің шуағы наурыз айы, салт атты, салтанат сарайы, мектеп сыныбы, колледж студенттері.
6- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыз.
Ол – қазақ халқының біртұтас мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Қазыбек қазақ хандарының ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт түрде реттеуді жақтаған парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
7- жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жазып, жаттаңыздар.
Тұмсығы балғаға айналар,
Балғасы қайлаға айналар.
Қайласы қайыңға қайралар
Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.