1. Сөйлемнің интонациясы, екпін дегеніміз не?
2. Екпіннің қанша түрі бар?
3. Екпінге мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Нүкте және көп нүкте қалай қолданылатынын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Орнына көп нүкте қойылатын 6 сөйлем жазу.
Нүкте
Сөйлемдерге мағына беруге және сөйлемдердің арасын ажырату үшін арналған белгіні нүкте деп атайды.
Нүкте
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Хабарлы сөйлемнен кейін | Маңайда тірі жан көрінбейді. |
2 | Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін | Әже, сізден Алла разы болсын. |
3 | Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін | Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл! Мүсірепов.(құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді. |
4 | Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде | Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашты) Кім бар? |
5 | Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда | Ғ. Мүсірепов/ Ғ. М. Ғ. Мұстафин/ Ғ. Мұст. |
6 | Газет-журнал атауын шартты түрде қысқартқанда | «Қ. Ә». (« Қазақ әдебиеті») |
7 | Кейбір сөздерді шартты түрде қысқартылғанда | тағы басқалар – т.б. тағы сол сияқты – т.с.с. тағысын тағылар – т.т. |
8 | Ғасыр, жыл, сағат,минут, секунд сөздері қысқартылғанда | А. Яссауи кесенесі(ХІІ ғ.) – Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі. |
Көп нүкте
Қойылатын орны | Мысалы | |
1 | Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады | «Ия, көз – қорқақ , қол – батыр. Бісіміллә, береке...» Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін.... Жә, мен шамалы кідірейін-ші , әңгіме басы әріден болсын. |
2 | Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін | -Е , не қыл дейсің маған. Бала.... ыһ..... тартып жіберші мына шетін, көтерсеңші басыңды.... мықтап ұста..... ешқайда кетпес, оралар .... Туып өскен жері, елі.... Ұста деймін, қаттырақ ұста.(Т. Әбдіков) |
3 | Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не артынан немесе сөйлем, сөз қалдырған жерге қойылады. | ...... Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. |
4 | Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына | Қарашы мына ..... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы? ! |
5 | Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге | Қиын тиді оларға Аз кісі –ақ санарға. (Абай) |