Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.

Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі.

Мысалы:Баладалада ойнап жүр.

 

Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

Ой екпіні-сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы:

Айбек ерте тұрды.

Айбек ерте тұрды.

Айбек ерте тұрды.

 

Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

Тіркес екпінібірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінімен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән.

Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет- ғұрып т.б

Дыбыс екпіні- сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы.Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

Мысалы: По-ой-па-ай, та-ма-ша!

Төле би Әлібекұлы

ХV111 ғасырдың ұлы тұлғалардың бірі – Үйсін Төле би. Ол шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында ( қазіргі Төле би ) Ақбұрхан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған. Төле – өзі Тәукенің тұсында " Жеті жарғы" заң жобасын жасаушылардың бірі болған қоғам қайраткері. Ол – дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болса керек.

Асқан тапқырлығымен үш жүзге тұтас аты жеткен Төлені көзі тірісінде – ақ "Абыз" , "Қарлығаш әулие" , "Қарлығаш би" атанды.

Төле былай деген екен:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші ырысыңның тұрағы...

Төле би қартайып ауру жеңіп жатқанда, Жаңыл ақын биге былай деп сұрақ қойыпты:

Көргелі келдік сізді біз

Жалпағынан дүниені

Әбден басып жүрдіңіз.

Сізсіз шылбыр бермеді

Түгел қазақ еліңіз.

Мал мен бас пара – пар,

Сайлық дәуір сүрдіңіз.

Әділетке салғанда

Шамада жоқ, мініңіз,

Сұрайтын бір сырымыз

Сізде де арман бар ма екен

Сұрайықшы соны біз...

 

-Сонда Төле: Шырағым, Жаңыл баласың – ау, өзгелерден менде арман көп, себебі қырғыз, қазақтың біртуғандай күнінде туылып, енді алаң ашық болып, шілдедей бытырап тозған күндерінде қайтып өтіп барамын"- деп екі елдің берекелі бірлігін арман етсе керек.

Төленің басты қасиеті – шешендігінде. Жастайынан халықтың мақал – мәтел, аңыз, ертегі дастандарымен сусындап өскен қарияның аузынан маржан төгіледі

Мақтаншақ жігіт,

Ұрыншақ ат,

 

Жаз болса, жарға жығар

Қыс болса,

Қарға жығар.

Тұмау түбі – құрт,

Тұман түбі – жұт.

Ақыл түбі – құт.

Қабырғадан қар жауса,

Атан менен нарға күш,

Ел шетіне жау келсе,

Батыр менен ерге күш, -

деп жырлаған.

Төле би халқымыздың бағына туған. Ұлы биде жалғыз ғана арман болған. Ол – ел бірлігі, халқының тірлігі.

Төле бидің денесі өзі он екі жыл билеген Ташкент қаласында Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған.

С. Дәуітов

1- жаттығу

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп көшіріп, аударыңыздар.

2- жаттығу

Мәтіндегі нақыл өлеңдерді жаттап алыңыздар.

3- жаттығу

Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.

ХV111 ғасырдың ұлы тұлғалардың бірі – Үйсін Төле би. Ол шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында ( қазіргі Төле би ) Ақбұрхан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған. Төле – өзі Тәукенің тұсында " Жеті жарғы" заң жобасын жасаушылардың бірі болған қоғам қайраткері. Ол – дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болса керек.

4- жаттығу

Жұмбақтарды жазып алып, шешіңіздер, екпінін қойыңыздар.

Қысы-жазы өзгермес,

Жаралған жасыл түсінен.

Қанша аяз болса да,

Аыйрылмайды гүлінен (...?)

 

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (...?)

Күндіз бармын, түнде жоқ,

Ішім жанып тұрған от.

Кештетіп барып сөнемін,Таңертең қайта келемін. (...?)

5- жаттығу

Диалогты қазақ тіліне аударыңыздар.

-Сколько раз в неделю проводятся занятия по казахскому языку?

-Два раза.

-На занятиях используются технические средства?

-Да. Много работаем в лингофонном кабинете.

 

6- жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын айт.

Әсел есепті ..............шығарды. Суретші................ табиғатты бейнеледі.Асханада .............. тамақ пісірілді. Ұшақ...............көтерілді. Достары Айбекті...............құттықтады.

 

Керекті сөздер:жеңісімен, дәмді, тез, әсем, биікке.