Диалогты қазақ тіліне аударыңыздар.

-Арай, можна тебя на минутку?

-Да. Что ты хочешь сказать?

-У нас сегодня семинар. У тебя случайно нет конспекта?

-Есть.

-Дай мне.

-Спасибо, ты меня спасла.

 

4- жаттығу

Сөйлемдерді байланыстырып жазыңыздар.

Жазғытұрымда қар ериді ... Сең жүреді. Ағаштар бүршік атады. ... Күн ұзарады. Жер өңделеді. Тұқым себіледі. Наурыз мерекесі өтеді. Жыл басталады. Студенттер өндірістік тәжірибеге шығады.

Жазда сессия басталады. Диплом қорғау жұмысы өтеді. Студенттер еңбек семестріне кетеді. Тамыз айында жазғы демалысқа шығады. Оқу орны , жатахана жөндеуден өтеді. Талапкерлер оқуға қабылданады.

5- жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.

Хан Абылай атанып,

Жайнап шықтың жасыңнан.

Ханның жақсы болмағы-

Қарашының елдігі.

Қарашы халқы сыйласа,

Алтыннан болар белдігі. (Бұқар жырау)

6- жаттығу

Мақал-мәтелді оқып, мағынасын түсіндіріңізде.

Кітап- білім бұлағы,

Білім –өмір шырағы.

Мақал- сөздің мәйегі

Еңбек түбі- береке,

Көптің түбі- мереке.

Бейнет түбі зейнет.

Жастық жалын, кәрілік көмір.

7- жаттығу

Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар.

Атаған /қазақтар/ « Ұлыстың ұлы күні»/ Наурызды /деп.

Теңеледі /күн /мен /түн.

Дастарханына/ қойылады/ мереке/ наурыз/ көже.

Тағамнан/ жеті/ жасалады.

Батасын /жастар /алған /үлкендердің.

Ақ / Наурызда/ болсын/ тілек/ айтады / деген/ мол.

Дастархан /үйде /жайылады/ әр/ ақ.

Тест

1.Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сен дегенде сөз барма.

В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ.

С)Сауатты болу- дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

D) Баланың соңғы ермегі- «Ақсүйек»

Е) Осы күні сол жердіңқызыл гүл екенін айтты.