1. Сөйлемнің синтаксистік қызметі нені атқарады?

2. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне мысал келтіріңіздер.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Сөйлемнің құрамындағы кейбір сөздердің мағынасын ;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Мәтінді орыс тіліне аудару. Мәтіннің мазмұнын айту. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне 6 сөйлем жазу.

 

Абылай хан

Абылай хан туралы ел есінде сақталған деректерде оның 1711 жылы Шыңғыс әулеті Уәлидің шаңырығында дүниеге келгендігі айтылады. Абылайдың шын аты, әуелде азан шақырып қойған аты- Әбілмансұр болса керек. Әбілмансұр ат жалын тартып өмірге белсене араласқан сәті ХV111 ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар басқыншылығына деген халықтың ыза-кегі әбден қайнап, бұлықсып, кемерінен асып төгілген кезеңге төп келеді. Қалмақпен айқаста атасының атын атап ұран шақырып « Я, Абылайхан (ұран шақырып) аруағы» деп атқа шапқан Әбілмансұрды ел «Абылай» деп атап кеткен.

Қазақтың басын біріктірсем деген ойдан Абылай хан өле-өлгенше арылған емес. Абылай ханның осы абзал арманы қазақтың халық жырларынан, әңгіме, аңыздарынан айқын елес береді.

Қазақ елінің соңғы хандарының ең атақтысы - Абылай хан.

Абылай алысты болжап, көре білген адам.Ол елдің Ресей мен арадағы экономикалық саяси байланысын нығайтудың қажеттігін де ерте түсінді. Абылай тамыз айының жиырма сегізі күні Өр деген жерде Ресей еліне адал болуға ант берген болатын.

Зор ауыл иесі, майталман, дипломат, соғыс ісінің сұңыла білгірі, өз заманының аса дарынды саясаткері Абылай атына айтылар мақтау сөз, мадақ сөз ел аузында көп сақталған.

 

СӨЗДІК

Сақталған деректер- данные которые сохранились

Дарынды саясаткер-одаренный политик

Адал болу-быт верным

Ант беру-довать клятву

Қазақтың басын біріктіру- объяденить казахов

1-жаттығу

«Азан шақырып, ат жалын тартып, алғашқы ширек, ұран шақырып, кемерінен асып, елес беру,сұңғыла білгір» сөз тіркестерін түсініп алыңыздар.

2- жаттығу

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Абылай деп аталу себебі не?

2.ХVІІІғасыр қай оқиғаға толы?

3.Абылай хан арманы не?

4.Ол қандай хан болды?

3- жаттығу