Сөйлемнің синтаксистік қызметі.
Синтаксис сөз байланысын, сөйлемді қарастыруына қарай өз ішінен сөз
тіркесінің синтаксисі , жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып үш түрге бөлінеді.
Сөз тіркестері – сөйлем құраудың бөлшектері. Сөз тіркесін жасаудың түрлі амал-тәсілдері, жолдары және соған лайықты заңдылықтары бар.
Ақтабан шұбырынды
ХV111 ғасырдың басында қазақ халқы және Шынжанжандағы әр ұлт халықтары жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы қажырлы күрес жүргізді. Жоңғар феодалдарының ақсүйектері 1723 жылы көктемде қалың қолмен Талас өзені алқабындағы бейбіт отырған қазақ халқына тұтқиылдан шабуыл жасап, ауыр апатқа ұшыратты.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы мен Ташкент қаласына басып кіріп, талан-тараж жасады. Қазақтар Бұхараға қарай қоныс аударып, аш-жалаңаш жаяу шұбырды.
Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» апатына байланысты қазақ халқы «Елім-ай» әнін шығарды. Қазақ халқы «Ақтабан шұбырын-дының» апатының ауыр жылдарында аш –жалаңаш азабын арқалай жүріп, тұс-тұстан анталаған жауларға қарсы күрес жүргізіп, өзінің елдік еркіндігін сақтап қалды.
СӨЗДІК
Ұлт -нация
Шабуыл жасау- наступать
Қоныс аудару-перекочевать на другое место
Қазақ тарихы-история казахов
Еркіндік-свобода
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» апатына байланысты қазақ халқы «Елім-ай» әнін шығарды. Қазақ халқы «Ақтабан шұбырын-дының» апатының ауыр жылдарында аш –жалаңаш азабын арқалай жүріп, тұс-тұстан анталаған жауларға қарсы күрес жүргізіп, өзінің елдік еркіндігін сақтап қалды.
2- жаттығу
Мына сөйлемдерді толықтырыңыздар
1.Қыс түсіп, ... . 2. Асханадан тамақ ... . 3. Марат келмей ... . 4. Ол ауыратынын білгендей ... 5. ..., мен денешынықтыру жасаймын. 6. ..., ол хатты шапшаң оқып отыр. 7. ..., ол институтқа тез келді. 8. ..., соңғы хабарды тыңдаймын.
3- жаттығу
Қазақ тіліне аударыңыздар.
Он оделся так, словно на улице холодно. Он ест так, как будто голоден. Они хвастаются, как будто много знают. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом. Ермек говорит так тихо , что мы его не слышим. Я, включив телевизор, смотрю интересный фильм. Он, встав рано утром, умылся. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше.
4- жаттығу
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мұғалім лекцияны қалай оқиды? 2. Марат өлеңді қалай айтады? 3. Ермек қалай тамақ ішеді? 4. Сен соңғы хабарды қалай тыңдайсың? 5. Ол өзін қалай ұстайды? 6. Ол қалай-қалай сөйлейді?
5- жаттығу