Табиғат құбылыстары-природные явление
Музыка аспабы- музыкальны инструмент
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақтың ақын, жырау, әншілері лиро-эпостық немесе тарихи жырларды да домбыраға қосып айтқан. Олардың қысқа қайырылатын, баяу әндері болады.Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыбына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.
Әрбір күйдің өзіне тән аңыз - әңгімелері бар. Қазақ күйлері сан салалы онда өз толқыны, бұлбұл әні, дауыл аттың дүрсілі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйллері қамтылады.
2- жаттығу
Сөздерге тиісті жұрнақ жалғап, жазыңыздар.
Бүркіт ..., ас..., жазу..., жауын..., дос..., бауыр..., оқу..., Аман..., Ай..., ем..., жас..., дәріс..., ғалым..., ер..., батыр..., тіл..., білім..., заман..., ер..., ауыл... .
3- жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Алматы қаласының әдемі көшелерінң бірі-Райымбек батыр көшесі. Оның ескі аты Ташкентская болған. Ұзын көшенің ортасында райымбек батырдың ескерткіші орналасқан. Батырдың денесі жерленген кесене өте биік, әрі қырлы, сапалы тастардан қаланып жасалған.
Мұнда халық жиі келіп, батырға зират етіп қайтады. Көшенің бас жағында «Саяхат» автобекеті бар. Одан жергілікті, жақын аудан, ауылдарға автокөліктер сапарға шығады. (Баспа материалдарынан)
4- жаттығу
Мына мәтелдерді жаттап, орыс тіліне аударыңыздар.
1.Бай бір жұттық, батыр бір оқтық. 2. Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді, ойсыз, арсыз адамғамың өз де жетпейді. 3. Адам деген айбарлы ат! 4. Аш адамның жайын тоқ білмес. 5. Жақсы даудан, жаман бітім артық.
5- жаттығу
Жұмбақты шешіңіздер
Бұл күдері киіпті сары жібек көйлегін. (...?)
Ұзын мұртты сарылар
Қойынында наны бар. (...?)
Көк лағым көгенде тұрып семірген. (...?)