Ғылым стильдің тілдік көріністері

Ғылыми стильдің функциялық бағыты оған арнаулы тілдік көрініс береді. Ғылыми стильде:

1) ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады;

2) процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады;

3) сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі (штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;

4) сөйлемдердің мына құрылымдық турлері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді:

а) баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады.

Мысалы: Алюминий тез балқиды.

б) баяндауыштары ырықсыз етістіктен жасалады.

Мысалы:Бидай құнарлы жерге егіледі.

Ғылыми еңбектер дүниедегі құбылыстарды, техникалық жұмыстардың барысын талдау, осыдан алынған мағлұматтарды жүйелеу, қорытындылау, заңдылықтарды ашу бағытында жазылады. Сондықтан ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.

 

Қазақ музыкасы - өмір айнасы.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. 19-ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық,әншіні де, күйшіні де, төбесіне көтерген халық. Қазақтың ұлттық музыкалық мәдениеті ән шығармашылығынан айқын көрінеді. Халық әндерінің мелодиалық құрылысында, ырғағында, интонациясы мен формасында ұлттық өзгешеліктер мен ерекшеліктері бар екені белгілі.

Лирикалық әндері кейде мұңды, зар толы болса, кейде көңілді жайдары, кейде теңіздей толқыған байсалды. Бұларда әрбір қазақтың жүрегінде жылы тиетін, туып өскен даласы бейнеленеді, көбінесе махаббат тақырыбы, сүйіспеншілік қасіреті мен қуанышы суреттеліп, қыздардың сұлулығы жырланады.

Қазақтың ақын, жырау, әншілері лиро-эпостық немесе тарихи жырларды да домбыраға қосып айтқан. Олардың қысқа қайырылатын, баяу әндері болады. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыбына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.

Әрбір күйдің өзіне тән аңыз - әңгімелері бар. Қазақ күйлері сан салалы онда өз толқыны, бұлбұл әні, дауыл аттың дүрсілі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйллері қамтылады.

СӨЗДІК

Қазақтың ұлттық музыкасы

Ерекшелік-особенность