1. Ресми іс қағаздары стилі қалай жасалады?
2. Ресми іс қағаздары стиліне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Публицистикалық стильдің жасалу жолдарын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Газет, журналдардан ғылыми стильде жазылған шағын материал жазып келу. Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен түсінігін айтып беру.
Ғылыми стиль
Ғылым Отаныңның ең киелі дүниесі болуға тиіс. Өйткені ойлаудан әрі үзбей ойлана ізденуден өзге жұртты артқа тастап, озған халық қана берекелі ел бола алады.
(Л.Пастер)
Ғалым – жұртқа айтар ойы бар, жеке-дара шыққан дарын. Сонымен бірге айтарын түсінікті етіп жеткізуді ойлап, жанын қинайтын да сол адам.
(Дж. Барри, Питер Пэн)
Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденіс інен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптысқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар:
1) ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
2) ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
3) осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.