Елбасы сөзінен публицистикалық стильге тән белгілерді табыңыздар.

1. Тірек сөздерді табыңыздар.

2. Ерекше экспрессивті сөздерді көрсетіңіздер.

3. Елбасы сөзінің идеясын айқындаңыздар.

4.Оны мәтіннен төл сөз ретінде алып, өз сөздеріңізбен байланыстырыңыздар.

Мысалы: Президент айтқандай,... немесе "... ," – дейді Президент.

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы!

Қуанышымыз құтты болсын!

Ұзағынан сүйіндірсін!

4- жаттығу

Мына сөйлемдердің қайсысы публицистикалық стильді сөйлемге жатады?

1.Көкшетау өңірі асқақ тауларымен, қалың орман-тоғай, ондаған үлкен-кішілі көлдерімен, жабайы хайуанаттарымен белгілі.

2. «Афиндықтар, жасырмаймын, алдарыңа сөзімді дайындап келіп отырмын!» - дейді екен Демосфен.

3. Айтшы, сен мынадай жаңбырлы, лайсаң күндері бос уақытыңды қалай өткізесің?

 

5- жаттығу

Мына нақылдарды жазып алып, есте сақтаңыздар.

Үлкенге сәлем бер, жолын кеспе.

Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам, жаяуға, аз адам, көпке сәлем беруі тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамның алдында көп сөйлемеуге тырыс.

Мешітке, үйге «ассалаумағалейкум» деп кіру керек, кеште «кеш жарық» деп ену қажет.

Әйел алдында әдепті, сыпайы бол.

Біліміңді көпке, пайдалы жерге жұмса.

 

6- жаттығу

Қазыбек би батасын жаттап алыңыздар.

Өркенім өссін десең, Қайғысы көшер басыңа.

Кекшіл болма - Жанашыры жоқ жарлыға

Кесапаты тиер еліңе! Жәрдемші бол асыға,

Елім өссін десең, Қиын-қыстау күндерде

Өршіл болма - Өзі келер қасыңа.

Өскеніңді өшірерсің. Бүгін сағы сынды деп,

Қастық қылма - Жақыныңды басынба!

7- жаттығу

Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп жазыңдар.

1.Атақты жақсы көру

2. Жаттықтырушы дайындалу, үйрену

3. Айналысу бапкер

4.Жаттығу жүлдегер

5. Ұнату белгілі, әйгілі

6. Жеңімпаз шұғылдану