Дене тәрбиесі-дәрісіз ем

Қоғамның басты байлығы-адам. Адамның басты байлығы-денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын-қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз-дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт-салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спортпен айналысқалы ауырмаймын.

Өз басым үзбей кинотеатрға, музейге барғалы жақсы болдым. Тарихи шығармаларды оқығалы көп нәрсе білдім. Елдің тарихын білгелі көзім көп нәрсеге жетті. Сапарға шыққалы көп кітап оқып, бәрін айта аламын. Сондайда өз еліңнің ғана емес, олардың да әдет-ғұрпы мен тарихынан, мәдениеті мен өнерінен хабардар болғаның жөн. Жастарды да осы тұрғыдан көргім келеді. Оларға айтарым «Өз еліңңің әдет –ғұрпын, тарихы мен мәдениетін білмесең, қадірлемесең-өзге елдің тылсымына үңіле алмайсың».

СӨЗДІК

Қоғам-общество

Денсаулық-здоровье

Басты байлық-главное богатство

Дене тәрбиесі-физическое воспетание

Сергек сезіну- бодро чувствовать

 

1- жаттығу

Сұқпатты екеуара оқыңдар, осы үлгіде өзара пікірлесіңдер.

- Маған спортпен шұғылдану ұнайды. Саған ше?

- Иә маған да ұнайды.

- Мен жүзумен және шаңғы тебумен айналысамын. Ал саған спорттың қай түрі ұнайды?

- Менің ұнататыным – бокс. Төменгі сыныпта күреспен айналысып, атақты балуан болуды армандадым.

- Боксты ұнатуыңа не себеп болды?

- Теледидардан атақты боксшы, олимпиада жеңімпазы Ермахан Ыбрайымовты ойыннан көргеннен кейін тек сондай болсам деп ойладым.

- Жаттықтырушың бар ма?Қайда жаттығып жүрсің?

- Иә, жаттықтырушым бар, «Қазақстан» спорт кешенінде жаттығамын.

- Мен саған табыс тілеймін!

- Рақмет .

 

 

2- ж аттығу

Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.

Қоғамның басты байлығы-адам. Адамның басты байлығы-денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын-қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз-дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоған мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт-салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты

арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спортпен айналысқалы ауырмаймын.

3- жаттығу

Топқа бөлініп жұмыс істеңіздер.