Үлгі бойынша өтініш жазыңыздар.

 

Үлгі:

Алматы қаласы

медицина колледжінің

басшысы----- мырзаға

ф-01-10 - топ студенті

------------------- тан

 

Өтініш

 

Ұзақ уақыт науқастануыма байланысты бір жыл академиялық демалысқа шығаруыңызды сұраймын. 2003 жылдың қарашасынан 2004 жылдың қарашасына дейін (Дәрігерлік анықтама қоса тіркелді).

 

6- жаттығу

Үлгі бойынша өтініш жазыңыздар.

 

Үлгі:

 

ЭП-1 тобының жетекшісі

----------- ханымға

осы топ студенті

------------- дан

 

Түсініктеме

 

Бүгінгі бірінші сабаққа кешігуімнің себебі, колледжге қаланың «Айнабұлақ» ықшамауданынан қатынаймын. Автокөліктен мұнда тура келетіні жоқ. Екі жерде түсіп қалып, келесі автокөлікті күтемін.

Таңертең сағат 6-да үйден шықсам да , сағат 8-де басталатын сабаққа 5-7 минут кешігіп келемін оның үстіне аялдама мен оқу орнының арасы біраз жер.

Коммерциялық көлікке отырмаймын, себебі менде жеңілдетілген студенттік жол жүру билеті бар. Жасыратыны жоқ, жалпы халық мінетін бұл көліктер ескірген. Жолда бұзылатыны да жиі кездеседі.

Осындай қиындықтары болмаса, сабағыма кешікпес едім.

 

Түсінік иесі (қолы)

Күні, айы, жылы.

7- жаттығу

Кәсіпкерлік іс жөніндегі жолдаманы оқып, оның құрылысын ( композициясын ) талдаңыздар. Жаттығуды көшіріп жазыңдар.

 

" Жайтөбе" фирмасы

Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 175

Тел.: 68 – 40 – 15

Факс: 33 – 64 – 06

 

" Жалын " фирмасының директоры Қ. Қалмырза мырзаға

Біз шаңсорғыштың жетілген түрін шығаруға кірістік. Оның техникалық, технологиялық жаңалықтары паспортында көрсетілген. Осы тауарды Сіздің облыста сату мүмкіндігі зерттелген болатын. Сұраныс көп екен. Сіздің фирманың осы жаңа шаңсорғышты өз облыстарыңызда сатушы болғанын қалаймыз. Егер осы ұсынысымызды қабыл алсаңыз, хабар беріңіз. Біз өкілімізді жіберіп, істің келісімшартын жасаймыз.

" Жайтөбе" фирмасының бастығы Р. Сабыр

2. 02. 04.