Алкоголь және балалар
Арақ-шарапты үнемi ішу - адамды маскүнем етеді, ал маскүнемдік өте ауыр сырқат –алкоголизмнің арасы бір –ақ қадам.
Спиртті ішімдіктер әсіресе екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер үшін нағыз зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге әрқашан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған.
Қазіргі кезде бізге жеткен құжаттар ертедегі Русьте де жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне әдейі тыйым салғанын дәлелдеп отыр. Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан болып туған балаларды Францияда «жексенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш-жиынның балалары» деп атаған.
Балаларға ересек адамдардың жорта арақ-шарап ішкізуге құштар келетіндері де жасырын емес. Көп жағдайда ересектер мұны «жақсы ниетпен», «емдік мақсатпен» көріне істейді. Өкінішке орай, қазіргі кезде де спиртті ішімдік бірқатар жағдайларда балаларға пайда келтіреді деген қате пікір ел арасына кең таралған. Анасы бекерге жылайды.
Медицина ғылымы қандай ниетпен, қандай мақсатпен болса да балаларға арақ ішкізуге үнемі қарсы, өйткені алкоголь бала денсаулығы үшін өте қауіпті.
1- жаттығу
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
2- жаттығу
Сөйлемді дұрыс құрастырып жазыңдар.
Денсаулыққа / өте/ алкоголь/ зиан.
Алкоголь /біздің /ішетін /арамызда/ студенттер/ жоқ.
Керек /алкогольге/ жарнама/ жасалмауы.
Алкоголь /болмайды /орындарда/ мәдени /ішуге.
3- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Арақ-шарапты үнемi ішу - адамды маскүнем етеді, ал маскүнемдік өте ауыр сырқат –алкоголизмнің арасы бір –ақ қадам.
Спиртті ішімдіктер әсіресе екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер үшін нағыз зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге әрқашан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған.
Қазіргі кезде бізге жеткен құжаттар ертедегі Русьте де жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне әдейі тыйым салғанын дәлелдеп отыр. Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан болып туған балаларды Францияда «жексенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш-жиынның балалары» деп атаған.
4- жаттығу
Үлгі бойынша құттықтаухат жазыңыздар.
Үлгі:
Құттықтау хат
Құрметті Алма!
Сені Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ұлыстың ұлы күнінде бизнесте табыс тілеп, денсаулық, баянды бақыт тілеймін!
Досың Айман.
Құрметті Тастан Құрбанұлы!
Ғылымдағы жаңалығыңызбен шын жүректен құттықтап, оның өндіріске енуімен, елге табыс әкелуімен мақтанамыз. Сізге табыс мол келсін!
311- топ студеттері.
5- жаттығу