«Темекі» сөзімен тіркесетін етістіктердің астын сызыңыздар.

Бас тарту, білу, шегу, шақыру, сатып алу, сыйлау, ұсыну, көну, ұнату, айналысу, тыйым салу, зиян келтіру, оқу.

2- жаттығу

Мына сұхбатты қандай сөздермен толықтырар едіңіз. Өзара сұхбаттасыңыз.

Тілші: Сенің тобыңда темекі шегетіндер көп не?

Сен: Қалай десем екен,........................................

Тілші: Олар «темекі денсаулыққа зиян келтіреді» дегенді білмейді ме?

Сен: Әрине біледі, ...................................................

Тілші: Мен олармен кездесе аламын ба?

Сен: Екшіріңіз,..........................................................

3-жаттығу Мәтіннің үзіндісін орыс тіліне аударыңыздар.

Мен өзім Алматыға жақында көшіп келдім. Келгелі бетке ұстар екі оқу – орнында жұмыс істедім. Темекі құмар ұл – қызды көргенде, төбе шашым тік тұрды. Мүмкіндігінше олармен әңгімелесіп, темекінің зияндығы жөнінде ақыл – кеңес айтқым келеді. Бірақ осы бір нәрсені біліп айтып тұрған шығар деп құлақ асатыңдар сирек. Мен Украинада жоғары білім алдым. Онда оқу орнында темекі тартқызбайтын. Біз оқып жүргенде үш жігітті темекі тартқаны үшін институттан шығарып жіберген. Тіпті көшелерінде жөнсіз темекі шекпейді. Ал бізде арнайы заң, бағдарлама бар. Сонда да темекіге тыйым болмай тұр.

4- жаттығу

Диалогты оқы және сендер де өздеріңнің достарыңның оқу орны немесе жұмысы туралы айтып беріңіздер.

- Сіз қайда тұрасыз?

- «Самал» ықшам ауданында . Өзіңіз ше?

- Мен Мақатаев және Фурманов көшелерінің қиылысында тұрамын.

- Ал қайда оқисыз?

- Қазақстандық экономика және құқық институтында.

- Ол қайда орналасқан?

- Ол Фурманов көшесінде орналасқан.

- Қазір қайда барасыз?

- Құрбыма.

- Құрбыңыз қай жерде тұрады?

- Ол Әуезов театорының артында.

- Ендеше жолымыз бір екен ғой. Мен де циркке бара жатырмын.

- Онда жүріңіз.

 

5- жаттығу

Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.

Жаман атқа жал бітсе ,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына қоңсы қондырмас.

6- жаттығу

Диалог сөзді оқып, қандай мәнерде құрылғанын айтыңдар. Қарамен жазылған сөздерді мәтін мазмұнына сай тағы басқа мағыналарға келтіріп айтып көріңіздер.

Қызының бөлмесіне кіріп:

-Тэннер панасыздардың жатағына электр жүргізумен айналысатын болыпты, осы сөз рас па? – деді Харпер.

Элизабет мысқылмен езу тартқан болды:

-Тэннер күні – түні осы жұмыспен жүр.

-Кедейлердің жатағын да ескерген жөн болар, - деді Харпер.

Элизабет жақтырмайтынын білдірді:

-Тэннер – қиялшыл адам!

-Қайдам, бірақ ол... ым – ым ... өте сенгіш, ақ көңіл сияқты...

-Сен ғой, әке, ондай емессің, маған тіпті де сенбейсің.

7- жаттығу

Қазақ тіліне аударыңыздар.

Ах, какая прекрасная молодость! Беда, надо уходить поскорее! Ну, что тебе стоило приехать! Ох, батюшки, как вы изменились!Скажи пожалуйста, где ваш колледж?