Ауызекі сөйлеу стилі.

Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым- қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым - қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.

Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беретін тілдесу сәттері:

1) ауызекі тілдесу адамдардың бетпе –бет кездесуі үстінде жүреді;

2) ауызекі тілдесу адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу жөніндегі әрекетіне тікелей қызмет етеді.

Тілдесудің осы жағдайларына сай ауызекі сөз ықшам құрылады, эмоциалы болып келеді, арнайы мәнермен айтылады.

Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар:

1. жергілікті сөздер (кәсіпке байланысты сөздер, диалект сөздер): божы, қозапая, шырпу, жылым күлдіруші- шабақ т.б.

 

2. қарапайым сөздер (оның ішінде ренішке, ұрысуға байланысты сөздерде бар): көзі ашық (сауатты), доңғал бас (мың), кпсектік (икемдік) т. б.

 

3. жекелеген адамдардың көпке ортақ сөздерге ерекше форма, мағына беріп қолдануы.

 

Мысалы: - Әй, Рүстембай –ай, бұл көсеуді мен сәнге асынып жүр дейсің бе?

Бұл жерде көсеу мылтық мағынасында алынған.

Сондай- ақ ауызекі сөйлеуде:

1) сұраулы сөйлемдер көп қолданылады;

 

2) толымсыз сөйлемдер жиі қатысады.

 

Мысалы:- Қораға кім келді? – Жылқышы.

3) Сөйлемдердің «Келмегенде ше! Көргенде қандай! Қайдан үлгерсін! Қайдағы піскен!» тәрізді үлгіде құрылуы қайталанады;

4) Сөйлемдерде қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі: алып – ап, келіп- кеп, келгенмін- келгем, барғанмын – барғам.

Бұл тілдік тұлғалар ауызекі сөздің қысқа, эмоциалы болып, екі, үш не одан да көп адамдардың қатысуымен диалог түрінде құрылуын қамтамассыз етеді.

Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1. дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);

2. полемикалық (дауласу) сөз;

3. көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

Дидарластық сөз стилі екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.

Көңілді көтермесе, кір басады....

Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше....

Халықтың осы ой –толғаулары дидарластық сөздің мәнін дәл көрсетіп тұр.

Дидарластық кездесу жарасымды түрде өтеді. Жарасымды әңгімеден адамның көңілі өседі, ләззат алады. Сондай-ақ жарасымды әңгіме – жеке адамдардың, түгел қоғамның салауатты өмір сүруінің кепілі. Сондықтан әр адам жарасты, мазмұнды тілдесудің өнерін меңгеруге ұмытылады.

Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.

Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.

Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады, өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі. Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.

Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып (стратегиясын, тактикасын құрып) барғаны жөн.

 

Шылым

« Не істеу керегін әр адам өзі біледі », десек те, кейбір әрекетіміз өзімізге ғана емес, түп – тұқиянымызға, төңірегімізге зиянды екенін ескере бермейміз. Сол қоршаған ортаға тигізер залалы мол дағдымыздың бірі – темекі тарту.

Оның зияны туралы қанша айтып, жазып жатса да, елеп – ескеріп жатқан адам жоқ. « Өкпе рагына шалдығушылардың 90 пайызы – шылымқорлар », - дейді дәрігер. Темекі тартатындар темекі тартпайтындармен салыстырғанда сегіз жыл кем өмір сүреді екен. Осы уы мол заттың зардабынан болған өлім – жітім қазір үшінші орынға шығып отыр. Темекіні сатудан түскен пайдадан темекі тартатындарды және оның зардабынан болған ауруды емдеуге кететін шығын 90 пайызға артық екен. Осыны біле тұра, неге одан бас тарта алмаймыз? Қазір ер азаматтардан гөрі қыз – келіншектер темекіге көбірек бой алдырып алған сыңайлы. Олардың ертең ана болатынын ескерсек, одан туған ұрпақтың жағдайы не болар екен деп ойлайсыз. Осы қанымызға сіңіп, сүйегімізге қарай бет алған дерттен қалай арыламыз? Мені осы мәселе ойлантады. Ең болмаса мемлекеттік орындарды темекі тартушылардан азат етсек қой. Салауатты өмір салтын ұстансақ. Темекіге кеткен шығынды пайдалы істерге жұмсасақ, әттең.

Дүниежүзілік темекіге қарсы ұйым өткен жылы Қытай мемлекетін мүшелікке қабылдамай қойыпты. Өйткені қытайлықтардың 30 пайызы темекі тартады екен, ал біз болсақ ұйымның барынан хабарсыз болармыз.

Темекіге жастардың шын әуестігі түптің түбінде нашақорлыққа ұрындыруы әбден мүмкін.

Мен өзім Алматыға жақында көшіп келдім. Келгелі бетке ұстар екі оқу – орнында жұмыс істедім. Темекі құмар ұл – қызды көргенде, төбе шашым тік тұрды. Мүмкіндігінше олармен әңгімелесіп, темекінің зияндығы жөнінде ақыл – кеңес айтқым келеді. Бірақ осы бір нәрсені біліп айтып тұрған шығар деп құлақ асатыңдар сирек. Мен Украинада жоғары білім алдым. Онда оқу орнында темекі тартқызбайтын. Біз оқып жүргенде үш жігітті темекі тартқаны үшін институттан шығарып жіберген. Тіпті көшелерінде жөнсіз темекі шекпейді. Ал бізде арнайы заң, бағдарлама бар. Сонда да темекіге тыйым болмай тұр.

" Алматы – темекі түтінінен азат қала " деген арнайы бағдарлама жасалып, оны жүзеге асыруға арнайы қаржы бөлінген, 42 миллион. Бұл аз қаражат емес. Оның зияны, зала, зардабы туралы жастарға көбірек әңгіме айтуымыз керек.

Темекіге қарсы күрес мемлекеттік деңгейде қолға алынуы қажет. Келешекте Бекзат, Ермахандарымыз көп болсын десек, салауатты өмір салтын күнделікті дағдымызға айналдыруымыз қажет. 2014 жылы қаламызда Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді деп үміттеніп отырмыз. Ол үшін экологиялық ахуалымыз мықты болуы тиіс. Тазалықтың басы – осы темекіге қарсы күрестен басталатын шығар. Темекі шекпеген адамның дені сау, көңілі жай. Олай болса, темекі тартудан бас тартайық, ағайын.

СӨЗДІК

Зиян- вред

Өкпе рагы-рак легких

Темекі тартушылар-

Зардап шегу-пострадать

Бас тарту- отказаться

1- жаттығу